+7 (727) 267-28-83

14 гл

2024 жылғы 14 қарашада Жамбыл облысынының Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы Мэлс Өзбековатындағы аудандық мәдениет үйінде өтіп жатқан «Кітапханажәне өңірдің мәдени кеңістігі» кітапханалық конвент жұмысы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова Жамбыл облысының аудандық кітапханаларының директорлармен кездесіп, Одақ жұмысын талқылады, алдағы жоспарлармен бөлісіп, одақ жұмысын жандандыру мақсатында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов аудандық ОКЖ-нің «Тұрар – Түркі жұртына ортақ тұлға» memory watch атты еркін тақырыптағы көрсетілімін және Жамбыл облысының 85 жылдығына орай облыс кітапханалары арасында ұйымдастырылған «Туы биік, тұғыры берік – Жамбыл елі» өлкетану оқуларының қорытынды кешін тамашалады.

Кітапханалық конвент жұмысы әр түрлі секциялық отырыстармен жалғасты:

1 секция: «Кітапханадағы өлкетану жұмысының дәстүрлімен инновациялық әдістері», модераторы: Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры;

2 секция: «Балалар кітапханасының өлкетану қызметі: даму негізі және қазіргі тенденциялары», модераторы: Инкарбекова Гулфайруз Қапарқызы, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры;

3 секция: «Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызметкөрсету барысында өлкелік әдебиеттерді насихаттау», модераторы: Алшынбаева Жанна Тұрарқызы, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры.

Шара барысында Т.Рысқұлов аудандық ОКЖ Ұлттық кітапхана қорына кітаптарды сыйға тартты.

14 1   14 2   14 3   14 4
14 5   14 6   14 7   14 8