2024 жылғы 16 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рожин Максим Николаевичтің қатысуымен Ел жанашырлары арасында «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі ‒ тіл» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты – Тілдің тұғыры да тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі ‒ қазақтың жаны». Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, діні де тілінде. В. Радлов айтқандай, қазақ тілі ‒ ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал.
Модератор: Мемлекеттік «Аманат» партиясының мүшесі, қоғам қайраткері және Қазақстан ардагерлер қауымдастығының кеңесшісі, Халықаралық дәрежедегі бокс төрешісі Құйқабаев Дидар Аскербекұлы.
Сөз сөйлеген қонақтар: Парламент Мәжілісінің депутаты Рожин Максим Николаевич; Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Динара Бердімұрат; Ел жанашыры, меценат, қоғам қайраткері Асанова Замзәгүл Ермекқызы; Алматы қаласы «Арафат» мешіті, «Арафат» қоғамдық қоры» ЖМ бас имамы, директоры, Ұлт жанашыры, «Намыс» төсбелгісінің иегері Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы; психолог, психология магистрі, кәсіпкер, «Алтын алқа» иегері, көп балалы ана, «Шапағат», «Медицина саласының үздігі» медальдарымен марапатталған Аширбекова Данна Кыздарбекқызы; Ел жанашыры, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған, оставкадағы подполковник, жас зейнеткер, Әйелдер мен балаларға арналған «Ladycar» отандық такси қызметінің негізін қалаушы Лаура Аманғалиқызы; Республикалық байқаулардың лауреаты, күйші, Ел жанашыры, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған Қуанышқалиев Бердіғали Қуанышқалиұлы; Кәсіпкер, Ел жанашыры, Меценат, «Батыр шапағаты» медалінің, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері Тұрғанбекова Айдана Сарсенбекқызы; мұнайшы, жеке кәсіпкер, Б.Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің, ҚР Президентінің Алғыс хатының иегері Қаспақбаев Ғалымжан Қоянбайұлы; реабилитолог, остеопат, ерекше балаларға арналған орталықтың негізін қалаушы, Ел жанашыры медалінің иегері Төлеуқұл Ағыбай Сембайұлы; «Kor-Al Clinic» косметологиялық орталығының негізін қалаушы, емдік приемиалды косметика «Q-Line Business» компаниясының директоры, «Намыс» төсбелгісінің, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері, меценат, Ел жанашыры Кумула Жайнар, логопед-дефектолог, практик, логопедиялық және дефектологиялық оқулықтардың, 10 лого әннің авторы «Батыр Шапағаты» медалінің иегері, «Намыс» төсбелгісінің, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері Умарова Айгерим Халмурадовна; дәрігер, Алматы қаласындағы «Dr.AidaMukhtarovna» ЖШС-ның негізін қалаушы, «Намыс» төсбелгісінің, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері Арыстанова Аида Мұхтарқызы; Қазақстанда тұңғыш әйелдер автомектебінің негізі қалаушы, «Намыс» төсбелгісінің және «Алтын жүрек» номинациясының иегері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған Асылзат Ералықызы; меценат, кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Жаппай көкпар федерациясының вице-президенті, Ел жанашыры, ҚР Президенті Алғыс хатының, «Намыс» төсбелгісінің иегері Айтбаев Ғалым Қуанышұлы, Gul_dyMed CLINIC негізін қалаушы дәрігер, Ел жанашыры, ҚР Президенті Алғыс хатының, «Намыс» төсбелгісінің иегері Гүлмира Серікқызы; Yasin-қайырымдылық қорынын директоры, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісінің иегері, «Ел Жанашыры» төсбелгісінің иегері, «Алтын Жүрек» номинациясынын иегері, ҚР Президентінің Алғыс хат иегері Ерлан Альяр.
Шара барысындағы дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар «Аманат» партиясының алғыс хатымен марапатталды.