+7 (727) 267-28-83

мен гл

2024 жылғы 21 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына логопед-дефектолог, практик, логопедиялық және дефектологиялық оқулықтардың, 10 лого әннің авторы «Батыр Шапағаты» медалінің, «Намыс» төсбелгісінің, ҚР Президенті Алғыс хатының иегері Сарсенбаева Айгерим Алтынбайқызы «Мен ойлаймын! Мен түсінемін! Мен сөйлеймін!», «Ерекше бала – «Жеке тұлға» концепциясы, «Дыбыстарды жылдам әрі тез, нәтижелі қоюдың тиімді жолдары» атты оқулықтарының бірнеше данасын сыйға тартты.

Оқулықтарда ерте жастағы аутизм, дислалия, дизартрия, моторлы, сенсорлы алалия диагнозы бар балаларға дыбыстарды дұрыс, тиімді және жылдам қоюға арналған әдістер, тыныс алу және шығару жаттығулары, артикуляциялық аппаратпен массаж жасау және т.б. тәсілдер қамтылған.

Оқулықтар логопед-дефектолог мамандарға, сөйлеу тілінің кешеуілдеуі және дамуында күрделі кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған.