20 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова онлайн-режимде Ресей ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «ТМД елдері ұлттық кітапханаларының Достастық мемлекеттері үшін кәсіби кадрларды даярлаудағы рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы тұрақты даму және мәдени интеграция мақсаттарына қол жеткізудегі ғылыми білім беру алаңдарының бірі ретінде» атты баяндама жасады.
Баяндамада дуалды білім беру, кітапхана кадрларын даярлау, Каталогизатор және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектептерінің жұмысы, сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуына қол жеткізуге ықпал ететін кітапхана ісі және ақпарат алмасу саласындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қамтылды.
Конференцияның мақсаты: Достастық елдерінің мәдени кеңістігін интеграциялауға, кітапхана кадрларын даярлау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға жәрдемдесу, кітапхана мамандарының кәсіптік білім беру саласындағы байланыстарын кеңейту және нығайту; Ресей мен Достастық елдерінің мәдениет мекемелері арасында жаңа әріптестік байланыстар орнату үшін білім беру жобаларын ілгерілету.
Қатысушылар: Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан ұлттық кітапханаларының өкілдері, сондай-ақ РҒА СБ МҚҒТК.