+7 (727) 267-28-83

газеті гл

Мерзімді басылымдар оқу залында Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған көрмесі ұйымдастырылды.

«Оңтүстік Қазақстан» - Түркістан облысының Шымкент қаласында шығатын облыстық қоғамдық-саяси газеті. Газет 1924 жылы 26 қарашада жарық көрді. 1925 жылы Қызылорда қаласында «Ақ жол» газеті «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетімен біріктіріліп шықты. 1929 ж. Сырдария аймақтық партия комитеті мен атқару комитетінің органы ретінде «Ленин жолы» атауымен шыға бастады. 

1932 жылғы 12 наурызынан бастап газет «Оңтүстік Қазақстан» атауымен облыстық газет ретінде аптасына 5 рет шығып тұрды. Алғашқы жылдары газет араб, кейін латын графикасында басылды.   

«Оңтүстік Қазақстан» - оңтүстік өңірдегі ең көп оқылатын газеттердің бірі. Саяси себептерге байланысты газет атауы бірнеше рет өзгертілді. Бүгінгі таңда газетте қоғамның өзекті мәселелері, облыстағы экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысы және т.б. жарияланады.

Газеттің негізін қалауға Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, О. Исаев М. Әуезов және т.б. қатысқан. «Ақ жол» газеті облыс тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын жүргізіп, сол кезеңдегі адамдардың рухани санасын дамыта түсті. Алғашқы редакторы С. Қожанов болды. Содан кейін әр жылдардың бас редакторлары: Б.Кенжебаев, А. Омаров, А. Әлиев болды. Қазіргі уақытта бас редактор Балажан Абай Бекназарұлы болып табылады.

Газет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1967 ж.) және  «Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталған (1974 ж.).

Газет Мәскеуде, Будапештте, Прагада өткен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола медальдарымен марапатталған (1980-90 жж.).

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті аптасына үш рет шығады, таралымы 34213 дана.

Көрмеде газет беттерінде жарияланған материалдар мен мақалалар, сондай-ақ басылымның әртүрлі жылдардағы жиектемелері ұсынылған.

Көрмеге шақырамыз!