+7 (727) 267-28-83

сөз гл28 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Сөз өнері» атты халықаралық әдеби форумының салтанатты жиыны өтті.

Шараны модератор - белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы жүргізді.

Шарада жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов сөйлеп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып, табыстаса, Алматы қаласы, Мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы Алматы әкімдігінің Қазақстан Жазушылар одағы мен бірлесе атқарған жобалардың нәтижелеріне тоқталып, әдеби форумның жұмысына сәттілік тіледі.

Сөз сөйлегендер қатарында Қырғыз Республикасының Ел жазушысы, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Қапайұлы Қойшиев; Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ануар Қорабайұлы Буранов сынды шетелдік қонақтар болды.

Алғашқы баяндаманы Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайрат Сақ «Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті» атты тақырыпта оқыды.

Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, алаштанушы-ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбай сынды бірнеше әдебиеттанушылар «Қазақ» газеті туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған «Қазақ» газетінің 1913, 1914, 1915, 1916, 1917, 1918 жылғы жарияланған басылымдарының түпнұсқаларынан көрме ұйымдастырылды.

Көрмені жүргізген Ғылыми-әдістемелік қызметінің жас маманы Қанат Алтынбек таныстырды.

Шараға ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, Қазақстанның халық жазушылары, зиялы қауым, профессор-ғалымдар, публицистер қатысты.

сөз 1   сөз 2   сөз 3
сөз 4   сөз 5   сөз 6