2024 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова, директордың орынбасары А.Юсупова, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Г.Абикова, Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Т.Замзаева Абай атындағы ҚазҰПУда ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.
Отырысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жүргізді.
Шараға облыс әкімінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар материалдық емес (жанды) мәдени және ЮНЕСКО тізіміне енген дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жетілдіруге, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын ары қарай жүзеге асыруға бағытталған 2025-2027 жж. іс-шаралар жоспарының жобаларын талқылады.