Әлем әдебиеті залында Ұлы Отан соғысындағы (1941 - 1945 жж.) Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңістің рухы биік, Даңқы мәңгі!» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қорында Ұлы Отан соғысы, жауынгер-қорғаушылардың батырлығы мен тоқтаусыз табандылығы туралы ең бай әрі баға жетпес материалдар жинақталған және сақталған ҚР Ұлттық кітапханасы тарихи жадыны сақтауға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, халқы үшін мақтаныш сезімі мен туған өлкеге деген махаббатты оятуға үлкен көңіл бөледі.
Қазақ халқы жаппай батырлық пен батылдық таныта отырып, ҰОС-дағы барлық жауынгерлік майдандар мен шайқастарға қатысты. Соғыс жылдарында 1 млн. 200 мың қазақстандық әскер қатарына шақырылып, 600 мыңнан астам адам қаза тапты. Қазақстаннан 100 мыңнан астам жауынгер жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды. Ерен еңбектері үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға отандастарымыздың көптеген ұрпақтарының білімін, тарихи фактілер мен тәжірибесін таныстыру және жеткізу.
«Жеңістің рухы биік, Даңқы мәңгі!» кітап көрмесінде Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар: Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Бабин, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев туралы кітаптар ұсынылды. Олардың ішінде: «Герои великой Победы – казахстанцы», 2016 ж.; «Герои Советского Союза - казахстанцы», кітап Қазақ КСР мемлекеттік архивтері жинаған құжаттар мен материалдар бойынша құрастырылған, 1945 ж.; «Книга памяти Казахстана», 1997 ж.; «Блокадной памяти страницы...» қоршаудағы Ленинградтық қазақстандық тұрғындардың естеліктер жинағы, 2013 ж.; «Алия – наша гордость», 1995 ж. және т.б. Сондай-ақ, көрмеде қасіретті соғыстың қайғылы күндері туралы әлемдік көркем әдебиеттермен танысуға болады.
Экспозицияда Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық сарбаздар мен офицерлердің ерліктері туралы кітаптар, фотоальбомдар мен материалдар жинақтары, көркем және деректі проза, поэзия шығармалары, архивтік құжаттар, өткен соғыстың жекелеген кезеңдері мен жауынгерлік эпизодтары, Қазақстанды майдан үшін қуатты арсеналға айналдырған тыл еңбеккерлері туралы өмірбаяндық очерктер мен әңгімелер ұсынылған.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан 200 дана көлемінде, түрлі жылдардағы қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар ұсынылды.
Барлық ниет білдірушілерді көрмеге қатысуға шақырамыз!