ҚР Ұлттық кітапханасының директоры лауазымына кітапхана саласының маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы тағайындалды.
Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы Абай облысында дүниеге келген.
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетін «кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша, Esil University оқу орнын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» менеджмент және экономика саласы бойынша тәмамдаған.
Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы еңбек жолын 1992 жылы Республикалық жасөспірімдер кітапханасында кітапханашы болып бастады.
Республика сарайында,Алматы Сауда Палатасында кадрлар Департаменті директоры, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында бөлім меңгерушісі, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы болып жұмыс істеді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
Ұлттық кітапхананың мәдени және рухани әлеуетін арттырып, ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуы жолында Ғазиза Құдайбергенқызына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!
Құрметпен: Ұлттық кітапхана ұжымы.