Бүгін Ұлттық кітапхана ұжымы, кітапхана саласына 45 жылдан астам еңбек еткен мәдениет майталманы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Президенті Алғыс хаттарының иегері, білікті басшы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Бақытжамал Қайырбекқызы 1987 жылдан бастап Ұлттық кітапханада қарапайым қызметкерден бастап, кітапхана директоры лауазымына дейін өсіп, қажырлы еңбек етті.
Бақытжамал Қайырбекқызы өз сөзінде қарашаңырақ Ұлттық кітапханаға алғысын білдіріп, әріптестерге деген ақжарма ақ тілегін айтты.
Өз кезегінде Бақытжамал Қайырбекқызына кітапхана ұжымы жүрекжарды тілектерін айтып, алдағы уақыттағы зейнет демалысының сәтті де қызықты өтуін тілеп, лебіздерін білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |