+7 (727) 267-28-83

17 21

2025 жылғы 17-21 ақпан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақтөбе облысының кітапхана мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.

Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік, Қазақстан кітаптары және Қорды толықтыру қызметтерінің жұмыстарымен танысты.

Дәрістер және тәжірибелік сабақтар отандық Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізілді.

Тыңдаушыларға ҚР Ұлттық кітапханасыбойынша және «Alatau Creative Hub» орталығына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.