+7 (727) 267-28-83

жылкыбаева

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі жаратылыстанушы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағрипа Жылқыбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай  «Алтын адамның аманаты» атты дөңгелек үстел өтті.

Ғалымның қаламынан туған туындылары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерін өскелең ұрпаққа насихаттауға арналған шараны белгілі ақын, «Құрмет» орденінің иегері Кәдірбек Құныпияұлы ашып, сөз барысында жапон ғалымы Фудзий Кандзи 2015 жылы Мағрипа Жылқыбаева туралы айтқан пікірін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым Нұрдәулет Ақыш, М. Шөжеғұлқызының шәкірті Базар Самаликов,  филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Пірәлі , «Қазақстан дәуірі» газетінің Бас редакторы Ертай Айғалиұлы, белгілі ақын Болат Шарахымбай ғалым жайлы естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған «Мәңгілік мұра қалдырған ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Шараға зиялы қауым өкілдері,  ғалымдар, журналистер, колледж студенттері қатысты.

жылкыбаева 2   жылкыбаева 1   жылкыбаева 4   жылкыбаева 3