+7 (727) 267-28-83

абиров

Бүгін Н. Дәулетова атындағы залда Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР-нің өнер қайраткері,  өнертану кандидаты, профессор, Қазақстанның тұңғыш кәсіби балет әртісі және балетмейстері Дәурен Әбіровтің 100 жылдық мерейтойына орай «Дәурен Әбіров – алғашқы қазақстандық балетмейстер» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жастарды Дәурен Әбіровтің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен, оның ішінде  ұстаздық  жолында жасаған еңбектерімен толығырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Әбіровтің «История казахского танца» және «Балабақшаларға арналған би» кітаптарының қайта шыққан басылымдарымен таныстыру болды.

Шара барысында ұйымдастырылған көрмеге Әбіровтің  балалық және жастық шағы туралы алғаш рет жарық көрген естеліктері, мемлекеттік және отбасы мұрағатынан алынған құнды фотоқұжаттармен нақтыланған шығармашылық жолы, құжаттардың көшірмелерін қамтитын «Дәурен Әбіров – алғашқы қазақстандық балетмейстер» кітабы қойылған.  

Шараға атақты балет ардагерлері, хореографтар, «Салтанат», «Алтынай» мемлекеттік би ансамбльдерінің көркемдік жетекшілері, өнертанушы ғалымдар, педагогтар, докторанттар мен магистранттар және студенттер, сондай-ақ, кітапхана оқырмандары қатысты.

абиров 5   абиров 6   абиров 4
абиров 1   абиров 2   абиров 3