+7 (727) 267-28-83

2012 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі ұйымдастырылды. 

Депозитарийді ашудың басты мақсаты – этникааралық және конфессиоаралық қарым-қатынастар саласындағы қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектерін, зерттеулерін және басқа әдебиеттер қорын ары қарай қалыптастыруды және оларды әйгілендіруді жалғастыру, сондай-ақ, оқырмандарды Қазақстанда өмір сүріп отырған әртүрлі ұлттардың тарихымен және әдебиетімен таныстыру. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жалпы қорынан алынған және Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының материалдарының ашық қор көрмесі көрсетіледі. 
Депозитарий қоры Қазақстан территориясындағы көп ұлтты халықтардың тарихы мен бүгіні, қоныс аудару үдерісі, оларды жергілікті жерлерге орналастыру, рухани мәдениетінің дамуы, салт-дәстүрлері, өнері, ғылыми еңбектері, сондай-ақ этносаралық  және конфессиоаралық қарым-қатынас жөніндегі зерттеу материалдарымен таныстырады. Оқырмандар Г.Бельгер, И.Шухов, И.Щеголихин, Н.Цой, А.Янушкевич және т.б. қазақстандық белгілі жазушылардың шығармаларымен және шығармашылығымен таныса алады.

        

Сайтта

Қазір сайтта 222 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.