Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі ақын Алжамбаев Шаяхметтің мерейлі 70 жасына орай «Тырналар қайтқанда» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Ақынның кітабында жарық көрген жаңа шығармалары мен естеліктерін оқырманға таныстыру, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қалдыбеков мерейтой иесіне ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісін тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары Ғ.Қалибекұлы, Қазақстанның Халық жазушылары Б.Нұржекеев, А.Аширов, ақынның туған жерінен келген Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Қ.Досмаилов, т. б. ақын-жазушылар Ш.Алжамбаевтың шығармашылығы туралы сөз сөйлеп, өмірінің маңызды сәттерінен алынған естеліктерімен бөлісті.
Шараға қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ақынның жерлестері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |