+7 (727) 267-28-83

2004 жылдан бастап  Қазақстан Республикасында Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы іс жүзіне асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шет елдерде насихаттау.

Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары  2005-2007 жж. Батыс Европа кітапханалары мен мұрағаттарында құнды жазба деректерді іздестіріп табу және олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 

Деректерді іздестіру мынадай бағыттарда жүргізілді:

- қазақ кітаптары,  қолжазбалар, Орталық Азия және Қазақстан жөніндегі аса ірі библиографиялық көрсеткіштер мен каталогтар;

-  тарихи еңбектердің түпнұсқасы, мұрағат құжаттары;

- Қазақстанның шет елдердегі қазіргі тарихнамасы, ғылыми конференциялардың материалдары, XIX және XX ғасырдың бас кезінде ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар;

- саяхатшылардың жазбалары, карталар, гравюралар және көне  экспонаттар.

     Шет елдердегі ғылыми-ізденіс экспедициясынан әкелінген басылымдар мен көшірмелердің тізімі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы  аясында шыққан басылымдардың   депозитарийі  болып табылады. ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітаптар «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 158  Қаулысына және ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің 2010 жылғы  23 шілдедегі N 94 бұйрығына сәйкес түседі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына түскен «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген басылымдардың тізімі.

2013

2014

2015

«Мәдени мұра» веб-порталы