+7 (727) 267-28-83

шархан

17 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда   Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Журналистика Академиясы сыйлықтарының иегері, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі,  белгілі публицист-жазушы Шархан Қазығұлдың «Шалахметов шеңбері» кітабының таныстырылымы өтті.

Жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Әбдезұлы ашып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасы М.Құлкенов, педагог С.Қарабалина, мұнайшы Ш.Жансейітов, Қазақстан Журналистер академиясының президенті С.Қозыбаев, Д.Қонаев атындағы қордың президенті, замандас достары Ғ.Шалахметовтің өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы естеліктермен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Шара барысында «Шалахметов шеңбері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.  

Шараға зиялы қауым өкілдері,  ғалымдар, журналистер, Ғ.Шалахметовтың отбасы және достары қатысты.

шархан 1   шархан 2   шархан 3   шархан 4