+7 (727) 267-28-83

09.04

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Кеңес Одағының батыры гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 және 3650 әскери бөлімдерінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Ерлікке – мәңгілік тағзым!» республикалық акциясы аясында «Қазақстандықтар – Ұлы Жеңіс қаһармандары» атты кітап-экспозициялық көшпелі көрмесін өткізді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен  Көрмеге кітапхана қорынан екі жүзге тарта кітап және белгілі фотограф Сайлау Пернебайұлының мұрағатынан алынған Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылардың фотосуреттері қойылды. Көрмені кітапхана қызметкері белгілі алаштанушы Елдос Тоқтарбай таныстырды.

Көрме барысында викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға кітаптар сыйға тартылды.

Жиында Әскери бөлім сарбаздары, ақындардың Жеңіс тақырыбында жазылған  және өздері шығарған өлеңдерін оқып, бөлім оркестрі соғыс тақырыбына жазылған әндер орындады.

Көрмеге әскери бөлімнің сарбаздары және командирлері  қатысты.

09.04 1   09.04 2   09.04 3   09.04 4