+7 (727) 267-28-83

эмиль

2025 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Әдебиет академиясы залының қызметі аясында ақын, Жазушылар одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызының «Сөйлеу стратегиясы», «Анамдай болсам…»  атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Эльмира Сәрсенбайқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Қазыбек би ауылында дүниеге келген. Жастайынан өлең жазып, аудандық газеттерге ұсынылып отырған. Дүниежүзі таланттары Одағының жинағына бірнеше өлеңдері кірген. Қазіргі таңда «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінде қызмет атқарады. Ол бірнеше жыр-жинақтардың авторы: «Жауқазын гүлдегенде», «Іңкәрім», «Бағалым», «Сөйлеу стратегиясы»,  «Анамдай болсам…»  және т.б.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық оқырмандарды ақынның шығармашылығымен таныстыру.

Кешті жүргізген ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жас қалам» әдеби клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.

Тұсаукесерде сөз сөйлеген ақындар: А. Шәуенов, О. Алтынбек, Ж. Сарман, Е. Қайратұлы, А.Мақажанов және басқалар.

Іс-шараға, туыстары мен жақындары, оқырмандар және басқалар қатысты.

эмиль 1   эмиль 2