2025 жылғы 21 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесі аясында өткізілетін апталық шара шеңберінде 21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре» Сирек және құнды, ерекше кітаптар күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында «Қазақ кітабының сырлы шежіресі» және «Ерекше әлем» атты сирек кітаптар көрмесінің таныстырылымы өтті.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының жазба мұрасы мен кітап басу тарихының терең тамырын насихаттап, ерекше басылымдар арқылы ұлттық және әлемдік жазба мұралардың тарихи, ғылыми әрі рухани құндылығын көпшілікке таныстыру.
Көрмеге кітапхана қызметкерлері, оқырмандар, студенттер мен оқушылар қатысты. Келушілер сирек кітаптар мен қолжазбалардың бірегей үлгілерімен танысып, кітап мәдениетінің бай тарихына үңілу мүмкіндігіне ие болды.
Көрме 21–23 сәуір аралығында үш күн бойы жалғасады.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |