2025 жылғы 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай өткізілетін іс-шаралардың апталық циклі шеңберінде 21 сәуірде оқырмандарды көшпелі тіркеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің кітапхана қорына кітаптар сыйға тарту етті. Ұлттық кітапхананың оқырмандары ретінде колледждің 170 студенті мен 30 қызметкері тіркелді.
Көшпелі іс-шараны оқырмандарды тіркеу және бақылау қызметінің мамандары ұйымдастырды:
- ҚР Ұлттық кітапханасының оқу залдарының бейне мазмұндамасы;
- колледж студенттерімен викториналық ойындар;
- жаңа оқырмандарды тіркеу;
- студенттерді жаңа әдебиеттермен таныстыру;
- колледж кітапханасының қорына кітап сыйға тарту.
Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің басшылығы ҚР Ұлттық кітапханасының мамандарына үлкен ризашылықтарын білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ, алдағы уақытта ҚР Ұлттық кітапханасы өткізетін іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |