2025 жылғы 21 сәуірде Қонаев қалалық кітапханасының орталық алаңында кітапхананың толық жаңғыртылуы мен ашылуына орай «Руханияттың шамшырағы – КІТАП» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері мен басқа да қонақтар қатысты. Іс-шара бағдарламасы аясында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының мамандары кітап көрмелерін ұйымдастырып, онда ақындар мен жазушылар Қонаев қалалық кітапханасына өз туындыларын тарту етті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ж. Барманашева, Ф. Сыдықжанова, Б. Өтебаева және Қ. Қасымбекова аудандық және ауылдық кітапханалар қызметкерлеріне арналған шеберлік сағатын өткізіп, өздерінің тәжірибесімен және практикалық білімдерімен бөлісті.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |