+7 (727) 267-28-83

Ұр тоқпақ23 сәуір 2025 жылы Ұлттық кітапхананың Әлем әдебиеті қызметі залында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының  ұйымдастыруымен «Ұр, тоқпақ!» атты ертегі қойылымы өтті.    

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры балалар мен ересектерге арналған сапалы қойылымдарымен танымал. Оның репертуарында қазақ және әлем халықтарының ертегілері мен заманауи шығармалары бар. Театр ұжымы көрермендерге әрдайым жаңаша қойылымдар  ұсынып, өнерсүйер қауымды қуантуды мақсат етеді.        

Қазақтың халық ертегісі «Ұр, тоқпақ!»  Мемлекеттік қуыршақ театры жаңа сипатпен ұсынылуда. Спектакльде ақсақалдың сиқырлы тоқпақ арқылы жезтырнақтармен күресі, әділдік пен адамгершілік құндылықтары көрініс табады. Сахнада әр түрлі қуыршақ түрлері пайдаланылады, бұл көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қойылым ұлттық нақышта безендіріліп, қазақы дүниетаным мен мәдениетті дәріптейді. «Ұр, тоқпақ!» қойылымы балалар мен ересектердің  көңілдерінен шықты.       

Бүгінде театр белсенді түрде гастрольдік сапарларға шығып, халықаралық фестивальдарға қатысып, спектакльдерінің жоғары сапасы үшін
танылуда. Оның репертуарында қазақ ертегілерінен басқа әлем халықтарының ертегілері ұсынылған. Театр ұжымы үнемі шығармашылық ізденісте болады және өз көрермендерін балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты жаңа қойылымдармен қуантуға тырысады.

Шараға «Көкіл» жеке-меншік мектебінің және № 45 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ, оқушылардың ата-аналары мен кітапхана оқырмандары қатысты.