+7 (727) 267-28-83

Конвент

Ұлттық кітап күні аясында ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына жəне Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бердіғалиева Роза Аманғалиқызының туғанына 80 жыл толуына орай «Уақыт жəне кеңістік ағымындағы кітапхана» атты Республикалық жастар конвенті өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Кітапханалық Одақ; «Республикалық жас кітапханашылар ұйымы»; Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

Кітапхана саласының дамуына, кітапхана мәртебесінің өсуіне өлшеусіз үлес қосқан, ҚР Ұлттық кітапханасында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарып, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Бердіғалиеваның есімін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу және кітапханашылардың, оқытушылардың, докторанттардың, кітапханалық-ақпараттық және әлеуметтік-мәдени мекемелердің қызметкерлерінің, жас мамандардың, магистранттардың ғылыми зерттеулері, ынтымақтастық және бірлескен қызмет нәтижелері мен тәжірибе алмасуларын қамтамасыз ету конвенттің басты мақсаты болды.

Конвентте республика кітапханашылары мен жас мамандар өзара тәжірибе алмасып, әр қатысушы өзінің кітапхана саласында болашақта жүзеге асыратын авторлық жобасын талқыға ұсынды.

Конвент 6   Конвент 3   Конвент 8   Конвент 5
Конвент 2   Конвент 7   Конвент 1   Конвент 4