+7 (727) 267-28-83

Кітап күні

Бүгін «Ұлттық кітап күні – Ұлттық кітапханада» атты ауқымды кітап мерекесі өтті.

Ашылу салтанаты Ұлттық кітапханада және Алматы қалалық ОКЖ кітапханаларында бір уақытта өткен «Қала оқиды» акциясынан бастау алды.

Сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ашық алаңында:

Қазақстанның 25 жетекші кітап баспалары мен дүкендерінің кітап жәрмеңкесі;

Кітап алмасу – Буккроссинг;

Оқырмандардың ізі тілектерін топтастырған «Пікірлер тақтасы»;

Кітап сүйер қауымға арналған «Құпия кітап» топтамасы;

Қазақстандық авторлардың қолтаңба сессиясы;

«Өмірді кітаппен толықтырайық»,«Кітапқа өмір сыйлайық» ,«Кітапты өзіңіз жасаңыз»;

«Балалар сурет салады» шеберлік сағаттарымен жалғасын тапты.

Кітапхана оқырмандары мен зиялы қауым, оқушылар мен студенттер, кітап сүйер қала тұрғындары және БАҚ өкілдерінен тұратын жалпы қатысушылар саны 1200 ден асты.

Кітап күні 1   Кітап күні 6   Кітап күні 4
Кітап күні 5   Кітап күні 2   Кітап күні 3