Сәуір айының 23-жұлдызында алғаш рет аталып өтілетін «Ұлттық кітап күні» және Абайдың туғанына 180 жыл, Тұрағұл Абайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «ӘКЕ МЕН БАЛА: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты абайтанушы ғалымдармен ғылыми-танымдық жүздесу өтті. Аталмыш шара ұлы ақынның мұрасын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге бағытталды.
Жүздесуге Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының сарапшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы (Тақырыбы: «Абай оқыған кітаптар») мен филология ғылымдарының кандидаты, «Almaty» телерадиокомпаниясы бас директорының бірінші орынбасары Атығаев Базарбек Қайырбекұлы (Тақырыбы: «Тұрағұл Абайұлының өмірі мен шығармашылығы») және Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Ғылыми-танымдық шараның мақсаты – алғаш рет аталып өтілетін «Ұлттық кітап күні» күні аясындағы кітап оқу мəдениетін қалыптастыру, оқырманның оқу белсенділігін арттыру, кітапқа жəне кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың мəдени жəне рухани білімін арттыру. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ұлы тұлғасы Абай мен қайраткер Тұрағұлдың өмірі мен шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа таныту және көзқарақты оқырманды оның даналығы мен гуманизмінен үлгі алуға шақыру.
Шара бойынша қатысушылар спикер ғалымдардан Абай Құнанбайұлы мен Тұрағұл Абайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы құнды ақпараттар алды. Әртүрлі викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаз қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді. Абай әндері айтылып, Тұрағұл өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, жүздесуге қатысушы оқырмандарға қос тұлғаның сирек қорда сақталған еңбектерінен құнды ақпарат беретін танымдық көрме таныстырылды.
![]() |
![]() |
![]() |