2025 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай арнайы алаңда отандық баспалар мен кітап дүкендерінің қатысуымен кітап жәрмеңкесі өтті.
2025 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай арнайы алаңда отандық баспалар мен кітап дүкендерінің қатысуымен кітап жәрмеңкесі өтті.
Кітап жәрмеңкесінің мақсаты – кітап нарығындағы баспагерлерді, ақын-жазушыларды бір алаңға жинау, қазақстандық баспалармен тығыз байланыс орнату, отандық авторлардың шығармалары мен жаңа кітаптарын барша қауымға таныстыру.
Кітап жәрмеңкесіне 25 отандық баспалар, институттар мен кітап дүкендері қатысады. Атап айтсақ: «Abai», «Алқа», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Ziyat», «Kemel kitap», «Khan comics», «Көкжиек-Горизонт», «Қазақ университеті», «Qasym», «Мазмұндама», «Marfu press», «Otbasybooks», «Өлке», «Smart University Press», «Steppe&world», «Шығыс әдебиеті және өнері» баспалары және «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты», «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты», «Dudar» кітап дүкені т.б.
Кітап жәрмеңкесіне келген оқырмандар мен қала тұрғындары баспалардың жаңа кітаптарымен танысып, өздеріне қажетті кітаптарын сатып алды және танымал жазушылар Кәдірбек Сегізбаев және Ақберен Елгезектен қолтаңба алу сессиясына қатысты. Кітап жәрмеңкесіне қатысқан барлық мекемелерге ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан алғыс хаттар берілді.