Алматыда Конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
2025 жылғы 25–26 маусым күндері Алматы қаласында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы (Қазақстан), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Рухани дипломатия мен әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – рухани дипломатияны жаһандықсын-қатерлер жағдайында бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудың пәрменді құралы ретінде дамыту болды. Осы тұрғыда конфессияаралық ынтымақтастықтытереңдету, сенім мен өзара құрметке негізделген халықаралық әріптестікті ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |