+7 (727) 267-28-83

100 кітап

2025 жылғы 23 сәуірде елімізде алғаш рет аталып өткен Ұлттық кітап күні – рухани құндылықтар мен кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды мереке болды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы Ұлттық Құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысының негізінде бекітілген мереке жастарды кітап оқуға баулу, қоғамда оқу мәдениетін дамыту мақсатын көздейді.

Ұлттық кітап күні аясында «Атамұра» баспасы ең үздік баспа атанып, игі істі қолдау мақстатында еліміздегі кітапханаларға 1000 кітапты тегін тарту ету туралы бастама көтерді. Соның алғашқы легі ретінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 100 кітап сыйға берілді.

Ұлттық кітапхана ұжымы «Атамұра» баспасына және корпорация президенті Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммедке шынайы алғыс білдіреді. Кітап – келешек ұрпақтың рухани азығы, ал мұндай қолдау – ұлт болашағына қызмет ететін игі іс.