+7 (727) 267-28-83

журнал

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақ баспасөзінің қос қазығы» атты тақырыптық көрме өтуде. Шара «Жаңа мектеп» және «Таң» журналдарының жарық көргеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық баспасөздің тарихи, ғылыми және мәдени маңызын көрсету, сондай-ақ білім, әдебиет, ғылым мен тіл салаларындағы басылымдардың ағартушылық рөлін насихаттау.

Көрмеде осы журналдардың сирек сақталған түпнұсқалары, Алаш қайраткерлерінің мақалалары мен журнал редакторларының суреттері қойылған. Сонымен қатар, көрме арқылы өткен ғасырдағы баспасөздің ұлттық рухты қалыптастырудағы орны мен ғылыми-танымдық үлесі таныстырылады.

Көрме студенттерге, жас зерттеушілер мен педагогтерге, сондай-ақ қазақ баспасөзінің тарихына қызығушылық танытатын көпшілікке арналған.

Көрме 30-қыркүйекке дейін жалғасады.