+7 (727) 267-28-83

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, 13.06.1962 жылы туған.

1983 жылы Қостанай мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын библиограф мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.

1979-1987 жж. аралығында  аға кітапханашы, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының м.а., Қостанай облысы Наурызым ауданындағы аудандық мәдениет бөлімінің  инспекторы қызметтерін атқарды.

1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық кітапханасында еңбек етіп келеді. Ұлттық кітапханадағы еңбек жолын түрлі құрылымдық бөлімшелерде кітапханашы, топ жетекшісі қызметтерінен бастады. 2005-2011 жж. аралығында ұйымдастыру-кадр қызметінің жетекшісі болды, 2011 жылы бас директордың орынбасары болып тағайындалды, 2012-2016 жж. аралығында бас директордың бірінші орынбасары, 2016-2017 жж. аралығында директордың ақпараттық-технологиялар және ұйымдастыру-кадр жұмыстары бойынша орынбасары, 2017 жылдан бастап директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылғы 20 наурызда Ұлттық кітапхананың директоры лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011), «Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  20  жыл»  мерекелік  медалімен (2011), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен (2013), «Қазақстан  Конституциясына  20  жыл»  мерекелік  медалімен (2015),  Бауыржан Момышұлы  атындағы  «Батыр шапағаты»  медалімен  (2015),  «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалімен  (2018)  марапатталған.