+7 (727) 267-28-83

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық-кітапханалық

кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасы туралы

ШЕШІМ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкіметі басшыларының кеңесі ШЕШТІ:

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық- кітапханалық кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасын бекіту

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесіне ТМД-ға қатысу-шы-мемлекеттердің шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық-кітапханалық  кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы  Іс-шаралар  жоспарына ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің  және мүдделі салалық ынтымақтастық органдарының ұсыныстарына  сәйкес өзгерістер енгізу құқын беру

Осы Шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

22 мамыр 2009 жылы Астана қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.

Түпнұсқа дана осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның  расталған көшір-месін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

 

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   шекаралас кітапханалары базасында

ақпараттық- кітапханалық кеңістікті қалыптастыру  

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе

ТМД құрылғаннан бері өткен уақыт жаңа тәуелсіз мемлекеттердің шекаралас территорияларында орналасқан тұрғындар мәдени байланыстарының үзілуіне және шектелуіне орай қиыншылықтарға ұшырады. Осы қиыншылықтардың өзектілігі мемлекеттердің шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық-кітапханалық кеңістік қалыптастыру саласында мемлекетаралық және аймақтық ынтымақтастық тиімділігін және оны ынталандыруды арттыруға ықпал ететін жағдай туғызудың аймақаралық және шекаралас ынтымақтастығын пайдалану қажеттілігін көрсетеді.

ТМД-ға қатысушы - мемлекеттер халықтарының қарым-қатынасқа деген қажеттілігі осы мемлекеттердің өзара байланыстарын және  қарым-қатынасын кеңейтуге себеп болып отыр. Осы мәселеге кітапханалар және кәсіби-кітапханашылар қауымы белсенді түрде ықпал етеді.

Ақпараттық-кітапханалық кеңістікті заманауи  коммуникация және  информати-зация құралдарын, кітапханалық өзарәрекеттестікті дамыту арқылы құру ТМД-ға  қатысу-шы -мемлекеттер ынтымақтастығының бір бағыты болып табылады.   

Жалпы ережелер

Мемлекеттік басқару принциптерін,  әртүрлі аймақтардағы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды зама-науи дамытуды тереңдету аймақаралық ынтымақтастық мәнін күшейтеді.  Оның аясында территориалдық-әкімшілік және шаруашылық субъектілері арасындағы байланыстар белсендіріледі, әрі ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің өзараәрекеттестігінің нақты міндеттері шешіледі. Шекаралас ынтымақтастық аймақаралық ынтымақтастықтың барынша белсенді түрі ретінде қарастырылады.

Ақпараттық-кітапханалық кеңістік қалыптастыру азаматтар және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық  территориясындағы ұйымдар үшін құжатталған ақпараттарға қолжетімділік міндетін шешуді қамтамасыз етуді қарастырады. Бәрінен бұрын бұл –  жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған кітапханалар және мұрағаттар, сол сияқты мемлекеттік, муниципалды және басқа да ақпараттық орталықтар қорында жинақталған ақпараттарға тиесілі.

Ақпараттың қолжетімді болуының барынша тиімді тәсілі – оларды сандық және дәстүрлі (қағаз) тасымалдағыштарда, соның ішінде шекаралас кітапханалар арқылы беруді дамыту болып табылады. Әртүрлі қызмет саласында жаппай администрациялауды енгізу қолға алынғаны байқалады, күннен-күнге барлық мемлекеттер өздерінің мәдени құндылықтарына сапалы қолжетімділікті арттыру және қолжетімді болуы мақсатында сандық түрге көшіруде.

ТМД-ға  қатысушы - мемлекеттердің   шекаралас кітапханалары базасында ақпарат-тық-кітапханалық кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасын (ары қарай  – Тұжырымдама) құрастыру ТМД-ның ақпараттық кеңістігінің бөлігі ретінде дамыудың жалпы мақсаттары мен басымдықтары объективті шартталған.

        Тұжырымдама  ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   мемлекетаралық қарым-қатына-сын тереңдету жағдайында мәдени және ақпараттық-кітапханалық кеңістік  қалыптас-тырудағы мақсаттар мен басымдықтарға  өзара келісілген көзқарас жүйесін қамтуы тиіс.

Тұжырымдаманың  нормативтік және құқықтық негізі болып табылады:

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің  ұлттық заңнамалары;

– Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетінің басшылары Кеңесімен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкіметі басшыларының Кеңесімен қабылданған көпжақты мемлекетаралық құжаттар;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен қабыл-данған  модельді заңнамалық актілер;

– ТМД-ға қатысушы - мемлекеттердің  мәдениет, кітапхана, ақпарат және аралас  пәндер саласын дамытуға байланысты екіжақты келісімі.

Ақпараттық-кітапханалық кеңістік  – ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің  шекаралас кітапханаларының қатысуымен мемлекетаралық өзараәрекеттестігінің тиісті келісімі негізінде қалыптастырылатын ұлттық ақпараттық кеңістігінің жиынтығы,

Шекаралас территориялар – ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің мемлекеттік шекарасына іргелес және олардың ұлттық заңнамалары немесе халықаралық келісіміне сәйкес  анықталған әкімшілік-территориялық құрылымының территориясы немесе оның бөлігі.  

Шекаралас кітапханалар  – ТМД-ға  қатысушы мемлекеттердің әкімшілік-территориялық құрылымына тән және шекаралас территорияда орналасқан кітапхана.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын  ары қарай дамыту құжаттарында 5 қазан 2007 жылы ТМД мемлекеті басшыларының Кеңесімен қабылданған, 15 қыркүйек 2004 жылы ТТәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкіметі басшыларының Кеңесімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына  қатысушы-мемлекеттердің аймақаралық және шекаралық ынтымақтастығы Тұжырымдамасында, 18 қазан 1996 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңістігін қалыптастыру туралы бекітілген Тұжырымдамада Тұжырымдама ережесі ескерілген.

Тұжырымдаманың мақсаты – келісілген  позицияларды, стратегияларды айқындау және ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханалары базасында ақпарат-тық-кітапханалық кеңістік қалыптастырудағы негізгі практикалық қызмет бағыттарын анықтау болып табылады. Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрастырылған.

 

  1. Шекаралас кітапханалар ТМД-ның мемлекетаралық және ақпараттық орталықтары ретінде


2.1. Шекаралас кітапханалар қызметінің ерекшеліктері

Шекаралас кітапханалар   іргелес мемлекеттердің өзараәрекеттестігінің белсенді   аймағы болып табылатын шекаралас территорияларда  қызмет етеді. Олардың қызметінің сипаты тарихи, саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлармен, мемлекеттік және ақпараттық қауіпсіздік талаптарымен анықталады.

Кітапхана қызметіне тікелей әсер етуші факторлар ретінде  атауға болады:

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекарасына іргелес территорияларда тұратын тұрғындарының тарихи тамырлары мен мәдени-рухани байланысының тереңдігі;

– мәдени әртүрлілік, ұлттық, этносаяси, этномәдени және  лингвистикалық ерекше-ліктер;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралас территорияларына миграцияның әлеуметтік  жағынан әсер етуі, соның ішінде ішкі миграцияның әсері;

– трансшекаралық әсері бар төтенше жағдайлардың орын алуының мүмкін болуы;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің аймақаралық және шекаралас ақпарат алмасу тәртіптерінің ерекшеліктері;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің шекаралас территорияларында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктері.

Осылайша, шекаралас территориялардың, сонымен бірге байланыс және қарым-қатынас жүйесіндегі ерекшеліктеріне тән жан-жақты байланыстар мен қатынастардың өзгермелігімен және тұрақсыздығымен айрықшаланатын жиынтығына толықтай қатысты болып табылады.

Шекаралас кітапханалардың міндеті –  әлеуметтік байланыстарды құраушы өзгер-мелі ортаға икемделе отырып өз қызметін жедел атқару, сонымен бірге  негізгі миссиясын орындай отырып шекаралас территориялардағы тұрғындардың кітапхана қорына және ондағы  ақпараттық-кітапханалық  ресурстарға қолжетімділігін (технологиялық және ақпараттық жабдықталуына қарай)  қамтамасыз ету үшін нақты және  ұйымдастырылған түрде жүйелі  қызмет  атқару.

 Шекаралас кітапханалар мәнінің ерекшелігі – ТМД-ға  қатысушы-мемлекет-тердің кітапханалар жүйесінің инфрақұрылымындағы маңызды буыны және олар  ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің  барлық жүйесінің тұрақты дамуының кепілі болуымен анықталады.

Сонымен қатар, шекаралас кітапханалардың ерекшеліктері ТМД-ға  қатысушы- мемлекеттерді, тұтастай алғанда нақты территориялық-әкімшілік құрылымындағы кітап-ханалар жүйесінің  құрылымымен, жағдайымен  және оның қызметімен анықталады.

2.2. Заманауи қоғамда  шекаралас кітапханаларды дамыту бағыттары

Шекаралас территориялар кітапханалары әкімшілік-территориялық құрылым тұрғындарының ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті  мәдени, біліми, тарихи-өлкетанулық қызметтерді шоғыландыра отырып, мәдени өмірдің элементі болып табылатын маңызды әлеуметтік және коммуникативтік қызмет атқарады. Шекаралас кітапханалар, әдеттегідей, ұлттық, аймақтық және муниципалды аудан орталықтарынан алыс, кейде қол жеткізу қиын және қорлары, персоналдары және техникалық құралдары жеткіліксіз. Сондықтан шекаралас кітапханаларды дамытудың стратегиялық мақсаты – тұрғындардың ақпараттқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ететін,  этникалық, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға  қызығушылықты оятатын, ТМД кеңістігінде ұлтаралық қарым-қатынасты кеңейтуді ынталандыратын кітапханалық жүйе құру.

Осы мақсатқа қол жеткізу нәтижесі шекаралас кітапханаларды дамытуға және келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді:

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің аймақтық және орталық кітапханаларындағы ресурстарға пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

– құжаттарды қашықтағы пайдаланушыларға қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жедел жеткізуді;

– пайдаланушылардың әртүрлі тасымалдағыштардағы ақпараттарға және құжаттарға  қажеттілігін кітапханалар қорын өзара пайдалана отырып максималді түрде қанағатан-дыруды;

– абоненттерге басқа кітапханалар мен ұйымдардың ақпараттық ресурстарын  пайдалана отырып  қызмет көрсетуді;

– пайдаланушыларға әрбір кітапхана қорынан түпнұсқа немесе оның кез-келген ақпарат тасымалдағыштағы көшірмесі түрінде  уақытша пайдалануға беруді;

– абоненттерге көшірмелеу-көбейткіш техника көмегімен қажетті құжаттардың көшірмесін немесе оның жекелеген бөліктерін ақылы түрде  ұсынуды.

Шекаралас кітапханаларды дамыту ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің кітапхана жүйесін кеңейтуге, с.с. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің мәдени, ақпараттық, зияткер-лік, біліми кеңістігін қалыптастыруды ынталандыруға ықпал ету жолдары:

–  ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің шекаралас территорияларындағы кітапханалық ұйымдар, шекаралас кітапханалар  арасындағы сенімділіктің, өзара түсіністік пен көршілік татулықтың қалыпты жағдайын орнату;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер халықтарының мәдени мұраларын сақтау аспектісіндегі  шекаралас кітапханалардың  өзара мәдени  коммуникациясы;

–  барлық деңгейдегі кітапханалар арасында мәдени, ғылыми және гуманитарлық байланыстарды дамыту және нығайту;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер кітапханаларынан ақпарат алмасу көлемін ұлғайту;

– шекаралас территорияларда тұратын пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің  кітапханалары арқылы қанағаттандырылуын  жеңілдету;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  шекаралас территорияларында кітапханалық инфрақұрылымды тиімді дамыту;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  кітапханаларынан пайдаланушылар (жеке және заңды тұлғалар) сұранысына сәйкес ақпараттар жеткізу мерзімін қысқартуға, соған қоса  қажетті ақпараттарды іздестіруді, оны көшірмелеуді және/немесе түпнұсқа түрінде жеткізуді техникалық қамтамасыз етуге, электрондыққ құжат айналымы жүйесінде мемлекеттік шекарадан өткізуге, инфрақұрылымды, соның ішінде тиісті нормативтік-құқықтық актілерді құрастыруға  ықпал ететін  жағдай туғызу;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер арасында ақпаратқа қолжетімділік және ақпарат алмасу мәселесі бойынша келісілген саясат жүргізу.

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   шекаралас кітапханалары базасында ақпарат-тық-кітапханалық кеңістік қалыптастыру және оны тиімді дамыту ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің аймақаралық және шекаралық ынтымақтастығына оңтайлы  әсері мен ықпалын тигізеді:  

–  өзара мәдени өркендеуге;

– шекаралас ынтымақтастықтың мәдениаралық өзара мүдделерін қамтамасыз етуге;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастық мәселелері жөнін-дегі  барлық кешенді бөлігін дамытуға қатысты, соның ішінде кітапхана ісін, сонымен бірге халықаралық келісімдерге сәйкестендірілген ұлттық заңнамаларына өзара құрмет көрсетуге;

– мәдениаралық және өркениетаралық қатынастарға қатысатын шекаралас кітапха-налар (әртүрлі деңгейдегі) үшін бірыңғайлық тұрғыдан келуге және ұсыныстар жасауға  ықпал етуге;

–  шекаралас кітапханалардың әлеуметтік институт ретіндегі мәдениаралық өзара әрекеттестікті және әлеуметтік - экономикалық өзара қатынастарды нығайтуға, сонымен қатар ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралас территорияларындағы   әлеуметтік шиеленістерді  төмендетуге бағытталған ролі мен мәнін түсінуге.

Осылайша, ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   ақпараттық-кітапханалық кеңістігі құрылымының маңызды элементі болып табылатын шекаралас кітапханалар жүйесін құруды тұрғындардың ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуші әлеуметтік-мәдени ақпараттық орталықтарға айналдыруға ықпал етеді.

  1.                       ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханаларының қатысуымен   ақпараттық-кітапханалық
  2. кеңістік қалыптастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары

3.1. ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханаларының қатысуымен   ақпараттық-кітапханалық кеңістік қалыптастырудың негізгі қағидалары

Шекаралас кітапханалар базасында ақпараттық-кітапханалық кеңістік қалыптастыру негізін  18 қазан 1996 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық-кітапха-налық кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасында көрсетілген қағидалар келесі толықты-рулармен бірге құрайды:

– шекаралас кітапханаларды дамытуға қатысты барлық құрастырулар мен шешімдерге инновациялық тұрғыдан келу;

әртүрлі елдерде, аймақтарда және жергілікті қауымдастықтарда ақпараттық- кітапханалық саланы дамыту есебі және сақталымы ерекшеліктерін білдіретін әр- түрлілік,

– мультимәдениеттілік, яғни тұрғындарға қызмет көрсетудің әртүрлі деңгейіндегі  барлық мәдениаралық коммуникация кешенінің есебі және олардың қызмет көрсету ерекшеліктері;

– ақпараттық-кітапханалық ресурстық базаның және ақпаратқа қолжетімділіктің дамуымен байланысты барлық мәселелер кешені бойынша шешім қабылдаудың ашық-тығы;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігімен байланысты жауап-кершілік және тәуекелділік есебі;

– ақпарат саласы бойынша шекаралас кітапханалардың ынтымақтастығы туралы келісімдер құрастыру/жасау барысында  халықаралық құқық нормаларын және ұлттық мүдделерді сақтау  ;

–  мүдделілік және бірлескен оңтайлы өзара тиімді шешімдер және оларды жүзеге асыру механизмдерін іздестіру.

3.2.  ТМД-ға қатысушы - мемлекеттердің шекаралас кітапханалары ынтымақтастығының негізгі бағыттары

Шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын дамыту үшін келесі қызмет бағыттары ұсынылуы  мүмкін:

–  прогрессивті технологияларды пайдалана отырып, шекаралас территориялардағы ақпараттық-кітапханалық өзараәрекеттестік бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

–  тарихи-мәдени және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану бойынша бірлескен бағдарламалар құрастыру және оларды жүзеге асыру;

ғылыми және гумманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде:

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер халықтарының тілдерін және мәдениетін оқыту  барысындағы өзараәрекеттестік туралы бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын және жобалар құрастыру және оларды жүзеге асыру;

Шекаралас кітапханалар ынтымақтастығы мәселелері бойынша Интернет-сайттар (порталдар) құру;

– кітапханашы жастармен алмасудың барлық түрлерін, халықаралық кітапханалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуды қолдау және дамыту;

– аймақтық және шекаралық кітапханалардың өзараәрекеттестігін дамыту;

–  шекаралас кітапханалардың елтану және өлкетану жөніндегі ақпараттарды генерациялау базасында өзара сандық материалдармен алмасу;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің ақпараттық-кітапханалық кеңістігін қалыптас-тыру мақсатында кітапхана ісін автоматтандыру және жаңа технологияларды енгізу  саласы бойынша мамандардың кәсіби тәлімгерлігін өткізу;

– «Шекарадағы кездесулер» жобасы бойынша шекаралас кітапханалардың қызметін белсендіру;

– кітапхана ісі саласы бойынша  ғылыми-техникалық ақпараттармен алмасу және ғылыми конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, көрмелер өткізу;

– кітапханалық қызмет көрсету аймағындағы мәдени құндылықтардың заңсыз ауыспалығын күшейтуді бақылаушы  құзырлы орындардың өзараәрекетестігі;

– аймақтық және шекаралық кітапханаларды кітапханалық-ақпараттық корпоративті жүйеге біріктіру;

– шекаралық кітапханалардың шетелдердегі отандастарына қолдау көрсетуі мақса-тында ана тіліндегі ақпараттық ресурстармен өзараалмасуы;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің кітапхана ісі саласы бойынша  қажеттілік барысында методологиялық және нормативтік  құжаттарды құрастыруды жүзеге асыру.

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттерде ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңна-маларына қайшылық келтірмейтін, олардың әкімшілік-территориялық құрылымы мен шекаралас территорияларындағы кітапханаларды дамыту мақсаттары мен қағидаларына жауап беретін шекаралас кітапханалар ынтымақтастығының басқа бағыттары қолданылуы мүмкін.

Шекаралас территорияларда тұратын тұрғындардың, әкімшілік-территориялық құрылымның және ТМД-ға  қатысушы барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып, шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын дамытуды ынталандырудың келесі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылады:

– аймақтық және шекаралас кітапханалық ынтымақтастықтың нормативтік-құқық-тық базасын қалыптастыру және жетілдіру;

–  ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени және ғылыми байланыс-тарының өзара тиімділігін нығайту;

– шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын жүзеге асыруға байланысты жобалар мен бағдарламаларға қатысушыларға ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнама-лары аясында жергілікті өзін-өзі басқару және басқа да жекелеген ұйымдардың қаржылай қолдау көрсетуі;

– шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын жуық аралықта дамыту болашағының  мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын құрастыру;

– ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына қайшылық келтірмей-тін шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын ынталандырудың басқа да жолдарын қолдану.

ақпараттық-кітапханалық кеңістік қалыптасыру барысындағы аймақтық және шекаралас кітапханалық ынтымақтастықтың билік органдарымен өзараәрекеттестігі жолдарының келесі түрлері жүзеге асырылған болуы тиіс:

– ақпараттық-кітапханалық кеңістікті дамытуға ықпал етуші мемлекетаралық жобалар мен бағдарламаларды құрастыру және оларды жүзеге асыру;

– ақпараттық- кітапханалық қызметті және ынтымақтастықтың нақты бағдарла-маларын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету;

– ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ақпараттық ресурстарын барынша тиімді пайдалану үшін  шекаралас кітапханалар базасында депозитарилер жүйесін құру;

– билік органдарымен аймақаралық және шекаралық кітапханалық ынтымақтастық  жөніндегі бірлескен үлестіруші органдар қалыптастыру;

–  ғылыми және мәдени-ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комис-сия аясында шекаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысшы тобын құру.

Аймақаралық кітапханалық ынтымақтастықты белсендіру үшін  ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің кітапханалары өкілдерінің қатысуымен ақпараттық- кітапханалық кеңіс-тіктің нормативтік-құқықтық базасын құрастыру және оны қалыптастыру жөнінде  прак-тикалық семинарлар өткізу тиімді.

3.3. Кітапхана ісі саласындағы  нормативтік-құқықтық база жағдайы

         Аймақаралық және шекаралас кітапханалар ынтымақтастығын дамыту мүмкіндік-терін ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің көпшілігінде осы салаға  қатысты құқықтық базасымен қатар, ұлттық, с.с. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының көпжақты кітапха-налық ынтымақтастығы аясындағы кітапханалық заңнамалардың жеткіліксіз жасал-ғандығы себебінен   тойтарылады.

Осы айтылғандарға қарамастан кітапхана ісі туралы заңнамалар пайдаланушылар құқын қамтамасыз етудегі және оны жүзеге асырудағы мемлекет жауапкершілігін анықтау, жаңа технологиялар жағдайында ақпараттарды жылдам көшірмелеу, жіберу, тираждау мүмкіндігінің шындыққа айналуы, ақпараттарды сақтаудың  өзекті мәселелері барысында кітапхана өмірінде белгілі орын алады.

Сандық жазудың жаңа технологияларының және электрондық коммуникацияның дамуы авторлық және аралас құқықты қорғау туралы заңнамаларды жетілдіруді, құқық иеленушілерге олардың мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдерін, объектілердің авторлық құқымен қорғалатын көпшілік қолданысындағы адекватты ерекшеліктердің заманауи түрлерін талап етеді.  Авторлық және аралас құқықты қорғау үшін бәрінен де құқықтық және техникалық шараларды кешенді  пайдалану жиілігі, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің барлық мүдделі құрылымдары мен ұйымдары  арасындағы белсенді  ынтымақтастықты талап етеді.  Бұл жағдай  кітапхана ісі үшін де өзекті. Шығармаларды және аралас құқық объектілерін пайдаланудың жаңа тәсілдері барысында  оларды қорғаумен байланысты көптеген мәселелер бүгінгі уақытқа дейін жалпы қабылданған шешімдерді таппады.

Құрастырылған құжаттардың қомақты бөлігі, соның ішінде баспа басылымдары, жарияланбаған құжаттар, с.с.  аудиовизуальді құжаттар бастапқы дайындау  процесі  сатысында (баспа басылымының түпнұсқа-макеті, жарияланбаған құжаттардың электрондыққ версиясы, сандық фильмдер, фотографиялар және т.б.) сандық түрінде өтеді. Осы түрлердің болуы міндетті даналарды тікелей электрондық түрде беруге мүмкіндік туғызады және бұл жағдайда өндірушілермен қатар міндетті дананы алушылардың да шығындарын  барынша төмендетеді, с.с. сақталымды және біртіндеп ұлттық электрондық  ақпараттық -кітапханалық қор жинауды қамтамасыз етеді.  

Ақпараттық-кітапханалық қордың электрондық нұсқасын құру осы қорды қалыптастырудың дәстүрлі жүйесін (баспалық) бұзуы тиіс емес, с.с. зияткерлік меншік құқы туралы заңнаманы ескере отырып автордың немесе баспагердің құқын бұзбауға тиіс.

Мұрағаттарда электрондық құжаттар қағаз құжаттардың орнын ауыстырады.  Ұзақ жылдар, тіптен ондаған жылдар  бойы қолданысқа түскен құжаттар  қызметтік немесе түпнұсқалық нақтылығын жоғалтуы немесе мазмұнының өзгеруі мүмкін тәуекелдіктің болуына қарамастан шарасыз ескі ортадан жаңа ортаға көшірілуі тиіс. Шын мәнінде өзінен-өзі сақталып  тұрғаны белгілі  объектінің болуы барысында қандай элементтер түпнұсқалық электрондық құжат құрайтынын және міндетті түрде сақталатынын анықтау қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, кітапханалық міндетті дананың орны және ролі өзгереді, барынша терең  байыптылық  авторлық құқықтың сақталу мәселесін талап етеді.

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің  шекаралас кітапханаларының келісілген қызметін ұйымдастыру үшін осы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды құрастыру қажет.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру шарттары

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің атқарушы билік органдары ақпараттық-кітапха-налық кеңістік  қалыптастыру шараларын  белгілейді және оның жүзеге асырылуын бақылайды. Шекаралас кітапханалар ынтымақтастығына қатысушыларды  құқықтық және әлеуметтік қорғау ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында белгіленген тәртіпте кепілденеді және жүзеге асырылады.

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханалары ынтымақтастығының қаржылай қамтамасыз етілуін жүзеге асыру ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  тиісті мақсаттарға белгіленген ұлттық бюджеттерінде, ТМД-ның аймақтық, жергілікті бюджеттерінде қарастырылған қаржылар, с.с. бюджеттен тыс қаржы көздері, соның ішінде халықаралық ұйымдар, және қолданылуы  ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  ұлттық заңнамаларында белгіленген тәртіппен  анықталатын іргелес мемлекеттердің қаржылары есебінен  жүзеге асырылады.

Бірлескен мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды орындау 16 сәуір 2004 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметінің басшылары Кеңесінің Шешімімен бекітілген мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру және оны жүзеге асыру Тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Шекаралас кітапханалар ынтымақтастығына қатысушылардың қызметін бақылау ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің тиісті билік органдарымен,  өз құзіреті шегінде  аймақтық билік органдарымен  және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  кітапханалық ұйымдарымен жүргізіледі.

    Тұжырымдама ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  әлеуметтік-саяси және экономика-лық  жағдайларының өзгеруіне қарай толықтырылуы, нақтылануы және жетілдірілуі мүмкін.

ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық-кітапханалық кеңістікті қалыптастыру Тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы  іс-шаралар  Жоспары қосымша берілген.