+7 (727) 267-28-83

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение: мақалалар жинағы /ҚР ҰК. – Алматы, 2010. – 23 шығ. - 160 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

  Жинаққа Қазақстанда ұлттық библиографияның дамуы, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, ҚР Ұлттық кітапханасының тәуелсіздік жылдардағы халықаралық қызметінің қалыптасуы, сонымен қатар қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаяты» газетінің жарық көргеніне 140 жыл толуына орай және ағартушы-ғалым Қ.Қожықовтың қызметіне арналған мақалалар енді. Жинақ кітапхана қызметкерлеріне, кітаптанушыларға, тарихшылар мен мәдениет саласының мамандарына арналған

О.Қ. Жандосов және 1918-1938 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктері. Ғылыми конференция материалдары. / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Н.А.Барсукова, Б.Шаймерденова. – Алматы: ҚР ҰК, 2010. – 360 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық кітапханасының тұңғыш директоры Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 110 жыл толуына орай 2009 жылы 21 мамырда өткізілген ғылыми конференция материалдары енгізілген. Онда О.Жандосовтың өнегелі өмірі мен саяси қызметін ғалымдар жан-жақты зерттеп, талдаған. Ғылыми мақалаларда ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің даму жолдары, Қазақстандағы кітапхана ісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының қалыптасу тарихы қарастырылған, сонымен қатар О.Жандосов туралы естеліктер берілген.

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение: мақалалар жинағы / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Г.Т.Рахимжанова. 22 - шығ.: «Ұлы Дала өркениеті және «Шаһнама»: Халықаралық ғылыми конференция материалдары (Алматы, 7-8 қазан 2009 ж.). – Алматы, 2010. – 284 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2009 жылы 7-8 қазан күндері өткен «Ұлы Дала өркениеті және «Шаһнама» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары кірді. Ұлы Дала төсінде бейбіт өмір сүрген бабаларымыздың өмір жолы, ерлігі, жомарттығы әлем тілдерінің түрлі шығармаларында жазылып бүгінге дейін сақталған шығарманың бірі және бірегейі – Ә.Фирдаусидің әлемге әйгілі «Шаһнама» дастаны. Осы шығармаға қатысты баяндамаларға арқау болған Қазақстан ғалымдарымен қатар Иран, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Башқұртстан, Ресей елдерінің шығыстанушы ғалымдарының, ұлттық кітапханалардың жетекші мамандарының ғылыми-зерттеулері, көптеген жаңа, тың ойлары берілді. Басылым конференцияның: Пленарлық мәжіліс; Әдебиеттану, тілтану, өнертану; Әдеби аудармалар; Тарих, деректану, қорлар тақырыптары бойынша орналастырылды.