+7 (727) 267-28-83

Ресей-Қазақстан: "Шекарадағы кездесулер"  мемлекетаралық жобасының тұжырымдамасы

   Қоғамның қазіргі сипаттамасы көбіне ақпараттық-телекоммуникациялық мәдениет пен  белгілі бір  социум құрайтын жекелеген индивидтердің әлеуметтік белсенділігі сияқты өлшемдермен белгіленеді. 

  Жоғарыда аталған Ресей-Қазақстан мегажобасын жүзеге асырудың маңыздылығы – қазіргі ақпараттық  технологиялардың көмегімен екі мемлекет халықтарының тарихи тамырлары мен мәдени-рухани байланыстарының ортақтығы жайында "ЕВРАЗИЯЛЫҚ" ұғымымен түсіндірілетін  бірыңғай ресурс қалыптастырудың (ЕврАзЭС-ке қатысушы елдердің кітапханалары үшін) моделді жобасын жасау болып отыр.

   Біріншіден, нақ осы ұғым Ресейде және Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлттық тарихи зердесін сақтау үшін қажетті жалпыға ортақ құндылықтың негізі ғана емес, сондай-ақ екі мемлекеттің экономикасын, мәдениетін, білімі мен ғылымын одан әрі дамытудың іргетасы болып табылады.

   Екіншіден, Ресей мен Қазақстанның ортақ ақпараттық кеңістігін жасаған кезде алдымен статистикалық мұрағаттық электрондық база ғана жасалып қоймайды, сонымен бірге үнемі дамып келе жатқан сандық кітапхананың негіздері де қаланатын болады.

   Біріккен электрондық кітапхана жасаудағы  мақсат  – екі елдің азаматтары қай елде тұрғанына және ақпарат көздерінен қаншалықты қашықта болғанына қарамастан екі  елдің бірлескен ақпараттық және мәдени әлеуетін арттыру мен ортақ Интернет-ресурс жасау арқылы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету. 

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ  

 электрондық топтамалар, библиографиялық және толық мәтінді дерек қорлар қалыптастыру, Ресей мен Қазақстан туралы Интернет-ресурстар каталогын жасау, Интернетке мәтіндер, бейнелер, мультимедиалық өнімдерді орналастыру және т.б.;

аса ірі ақпараттық, білім беру және мәдени орталықтармен өзара байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту (жетекші ғалымдармен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен телеконференциялар өткізу және т.б.);

екі мемлекетте де білімге негізделген қоғамдар құруға ықпал ету. 

ЖОБАНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

 веб-сайт жасау, жобаға қатысушылар пайдаланатын бағдарламалық өнімдердің үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатымен қалыптасатын ресурстарға қол жетімділікті ұйымдастырудың бірыңғай көзқарасына негізделген біріккен электрондық кітапхананы   ресурстық, материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру;

әрбір тараптан жобаны іске асырудың бірлескен жобасын жасауға жауап беретін, жобаға қатысушылардың барлығының өзара әрекетін үйлестіріп отыратын, тараптардың жұмыс бабындағы кездесулері мен кеңестерін өткізуді ұйымдастыратын бас менеджерлер тағайындау және т.б.;

тараптардың өкілдерінен тұратын Халықаралық жұмысшы топтарын және Сарапшы кеңесін құру, оның құрамына жекелеген бағыттар бойынша сарапшылар енгізуге болады (жобаны қаржылық-экономика-лық жағынан негіздеу және іске асыру; жобаны бағдарламамен қамтамасыз ету және бағыт-бағдар беріп отыру, тақырыптық және толық мәтінді дерек қорлар мен  библиографиялық дерек қорлардың байланысты мазмұнын анықтау және т.б.);

жобаны нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету (авторлық құқықты қамтамасыз ететін электрондық қорлар мен  ресурстарды қалыптас-тыруға, сақтау мен пайдалануға қойылатын талаптарды бейнелейтін қажетті нормативтік және әдістемелік материалдар мен құжаттардың есебін алу және әзірлеу);

кадрлармен қамтамасыз ету ( кадр дайындау: семинарлар, курстар және т.б. өткізу).


Ж
ОБАНЫ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ   

1.     Ресей-Қазақстан электрондық кітапханасының  ЕврАзЭС-ке қатысушы мемлекеттердің барлық азаматтары үшін, сондай-ақ әлемнің барлық азаматтары үшін ашық болу принципі;

2.     Бірлік принципі, яғни біртұтас тарихи және мәдени тамырластыққа бет бұру және оның маңыздылығына мән беру, өзараәрекеттес және өзара ықпалдас мәдениеттердің сабақтастығы мен дамуын қамтамасыз ету;

3.     Жүйелілік принципі, яғни жобаның өзара байланысын және  барлық ұйымдастырушылық, қаржылық, техникалық және технологиялық  бөліктерінің бірыңғай міндеттерге сай  келуін қамтамасыз ету.

БІРІККЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.     Библиографиялық  дерек қорлар (каталогтар, картотекалар);

2.     Библиографиялық  дерек қорлармен  байланысты толық мәтінді дерек қорлар;

3.     Ресей және Қазақстан Интернет-ресурстарының (жеке алғанда, кітапханалар) каталогы;

4.     Интернетте осы жобаның мазмұнын ашып көрсететін  бейнелерді, видео- және аудио-файлдарды орналастыру;

5.     Мұрағаттық және өлкетанулық  материалдар;

6.     Ресей – Қазақстан оқиғаларының және  қатынастарының хроникасы;

7.     Кітапханашылар және электрондық кітапхана пайдаланушыларының форумы;

8.     Чат (бірлескен электрондық кітапхананың пайдаланушылармен   интерактивтік  режимдегі қарым-қатынасын  жасау);

9.     Мәдениет және өнер қайраткерлерінің форумы.