+7 (727) 267-28-83

Ресей – Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асыру туралы 

 Келісім

 «20» қаңтар  2004 ж.

Біздер, ары қарай «Тараптар» деп  аталып, қол қоюшылар

ЮНЕСКО-ның  «Ақпарат баршаға» бағдарламасы аясында әрекет жасай отырып;

Кітапханалар Қауымдастығының Халықаралық Федерациясы (ИФЛА) құжаттарында жарияланған ақпаратқа қолжетімділік және ой-пікір еркіндігі қағидаларын (принциптерін) басшылыққа ала отырып ;

адамдардың, халықтардың және этностық қауымдардың, қоғамдық бірлестіктердің ақпаратқа, білімге, рухани дамуға еркіндігі, ұлттық және әлемдік құндылықтарға еркін қолжетімділік, сондай-ақ мәдениет, ғылым және білім ошақтарынан нәр алу құқықтарын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып;

қоғамдық құндылық болып табылатын ақпараттарды тәртіптеу, сандық түрге көшіру және сақтау жолымен  қолжетімділікті кеңейтуге ұмтыла отырып;

ақпараттардың жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  коммуникация, информатика және ақпарат салаларындағы халықаралық стандарттарды және озық әдістерді  енгізуге және оны пайдалануға ықпал ете отырып;

ақпарат және білім саласында жергілікті, ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде желілік өзараәрекеттестік орнатуға күш жұмсай отырып,

мына төмендегілер туралы  келістік:

 1 бап

Тараптар  Ресей–Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер»  жобасы аясында  бірлескен ресей-қазақстандық элетрондық  кітапхана құру мақсатында аталған бағдарламаны  жүзеге асыруға  қолайлы жағдай жасау жолымен Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени және біліми құндылықтарға,  ақпараттарға және білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ұлттық мәдениетті және тілдік ерекшеліктерді  дамытуға,  сақтауға ықпал етеді.

2 бап

Жобаның мақсаттары:

Интернетте Ресей және Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи байланыстарын және ортақ құндылықтарын ашатын, олардың мәдени мұраларын, жан-жақты тарихи қатынастарын тұтастай, әрі жекелеген аймақтар аясында кеңінен насихаттауға, екі халық және екі мемлекет арасындағы  өзара түсіністікті және  позитивті тәжірибелерді дамытуға ықпал ететін еркін қолжетімді  электрондық  топтамалар жасау және орналастыру;

екі жақтың әртүрлі диаспораларына жататын азаматтарға Тараптардың ақпараттық және мәдени әлеуетін арттыру  арқылы ақпараттар мен мәдени құндылықтарға  жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Ресей және Қазақстандық ірі ақпараттық, біліми және мәдени орталықтар арасындағы ынтымақтастық қатынастарды  нығайту; 

екі мемлекет арасындағы интеграциялық ынтымақтастыққа ықпал ету.

3 бап

Ресей–Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер»  бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі қағидалары:

жалпы қолжетімділік қағиидасы:  Ресейдің және Қазақстанның барлық халықтары үшін бірлескен электрондық кітапхана материалдарына  шектеусіз  қолжетімділікті қамтамасыз ету;

бірлік қағидасы: біртұтас тарихи және мәдени тамырластық өзектілігіне  және маңыздылығына мән беру, өзараәрекеттесуші және өзараықпалдасушы мәдениеттер сабақтастығын  қамтамасыз ету және дамыту;

үндестік қағидасы: электрондық ресурстарды паш етудің және берудің бірізділігін қамтамасыз ету;

 4 бап

Тараптар осы жобаның іске асырылуын мынадай негізгі міндеттерді шешу жолымен қамтамасыз етеді:

Ресей және Қазақстан қоймаларынан жоба мақсатына жауап беретін  материалдарды анықтау және  кейіннен оларды сандық түрге көшіру;

Жобаны жүзеге асыру барысындағы әріптестік және оның қатысушылары арасындағы өзарақатынас, сол сияқты аймақтық (Ресей Федерациясы немесе Қазақстан шеңберінде), және мемлекетаралық деңгейдегі үлестік қатысу механизмдерін реттеу;

осы негізде  Ресейдің және Қазақстанның әртүрлі  қорлары қоймаларындағы сандық түрге көшірілген құжаттардың бейнелері және басқа да тарихи және мәдени ескерткіштерді  қоса алғандағы электрондық  топтамаларын  қалыптастыру;

сандық түрге көшірілген басылымдармен, құжаттармен және олардың үзінділерімен  тепе-тең (паритеті) алмасу;

арнайы мамандандырылған сайт құру;

сандық материалдардың сақталымын кітаби мәдениетпен теңестірілген мерзімде қамтамасыз ету.

5 бап

Ресей – Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асырушы бас мекемелер болып табылады:

-  Ресей жағынан — «Ресей мемлекеттік кітапханасы» Федералды Мемлекеттік мекемесі;

- Қазақстан жағынан — «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Мемлекеттік мекемесі.

 

Жобаны жүзеге асырушы бас мекемелердің серіктестері/әріптестері оған қол қойған  Тараптары  болып табылады.

 6 бап

Тараптар осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында оның мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қызмет бағыттарын және персоналдық құрамын реттеуші Үйлестіруші кеңес құрады және Кеңес туралы Ережені бекітеді.  

Үйлестіруші кеңес бірлескен электрондық кітапхана құру саласындағы Тараптар ынтымақтастығының  жекелеген бағыттары бойынша  жұмысшы топ құру  құқына ие.

7 бап

Тараптар жобаға қатысушылардың, сол сияқты кітапханалық, мұражай ісі  және т.б. тиісті мемлекеттік органдар  мен  ұйымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастығын қолдап, ынталандырып және жетілдіріп отырады.

Осы жобаны жүзеге асыруға қатысушылар арасындағы өзараәрекеттістіктің нақты жағдайлары және түрлері жобаны жүзеге асырушы бас мекемелермен құрастырылған қосымша келісіммен анықталады және техникалық және т.б. талаптарға толық  сәйкестендіріліп жүзеге асырылады. 

9 бап

Тараптар Ресей–Қазақстан жобасын жүзеге асыруға материалдық-техникалық және қаржылық  қамтамасыз ету мақсатында  (Ресей және Қазақстан мемлекеттік бюджеті қаржысымен қатар)  мемлекеттік және мемлекеттік емес  мекемелерден, қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан қосымша қаржы іздестіруді  және тартуды жүзеге асырады, сол сияқты осы жобаның ұлттық және мемлекетаралық қорларын құру және дамыту бастамасын қолдайды.

10 бап

Тараптар  бірлескен электрондық кітапхана құру жөніндегі мемлекетаралық жобаны жүзеге асыру үшін  кадрлар дайындауға және оларды  үздіксіз оқытуға өзара ықпал етеді, осы салада әрекет ететін білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелері және ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты қолдайды. 

11 бап

Тараптар аталған Келісімге толықтырулар және өзгертулер енгізе  алады, олар тиісті хаттамалармен рәсімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

12 бап

Аталған Келісім оның қағидалары мен мақсаттарын бөлісуші, сол сияқты ол бойынша өзіне толық көлемдегі міндеттемелерді алуға дайын басқа қатысушылардың қосылуы үшін ашық.  Қосылу Тараптардың келісімімен  осы мәселе бойынша хаттама қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Хаттама осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 

 13 бап

Аталған Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 14 бап

Аталған Келісім бес жыл мерзімге жасалады, және Тараптар басқаша шешім қабылдамаса  келесі бес жылға  ұзартылады.

15 бап

Тараптардың кез-келген жағы бас мекемеге жазбаша хабарлама жіберу арқылы Келісімнен шыға алады. Аталған Келісім әрекеті бас мекеме тиісті Тарапқа қатысты осындай хабарлама алған күннен бастап бұл туралы барлық қатысушыларға міндетті түрде хабарлау шартымен алты ай өткен соң тоқтатылады.

Келісім  20 қаңтар 2004 жылы екі  түпнұсқа данада,  орыс және қазақ тілдерінде   жасалған.

Келісімнің түпнұсқалары (түпнұсқа данасы) «Ресей мемлекеттік кітапханасы» Федералды Мемлекеттік мекемесінде (Москва қ.) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» Мемлекеттік мекемесінде сақталады

Қолдары:

 «Ресей мемлекеттік кітапханасы» Федералды Мемлекеттік мекемесі үшін

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Мемлекеттік мекемесі  (Алматы қ.) үшін  

 А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  (Петропавл қ.)  үшін