+7 (727) 267-28-83

 26 желтоқсан 2006 ж.

Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасы, Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Алтай Республикасының ұлттық мәдениет орталығы (Қосағаш қаласы, РФ), Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан   әмбебап ғылыми кітапханасы, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық  кітапханасы

   12-бап2004 жылғы 20 қаңтардағы Ресей-Қазақстан «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асыру жөніндегі ыңтымақтастық туралы келісімге

   «Ресей мемлекеттік кітапханасы» ФММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ММ, бірінші тараптан, Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасы, Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.К.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Алтай Республикасының ұлттық мәдениет орталығы (Қосағаш, РФ), Ғ. Сла-нов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атын-дағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы екінші тараптан, бұдан әрі тараптар деп аталады:

- ЮНЕСКО-ның  «Ақпарат баршаға» бағдарламасы аясында жұмыс жасай отырып;

- Кітапханалар Қауымдастығының Халықаралық Федерациясы (ИФЛА) құжаттарында жарияланған ақпараттың қолжетімділігі мен ойлау еркіндігі принциптерін басшылыққа ала отырып;

-  адамның, халықтардың және этностық қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің ақпарат пен білімге еркін қолжетімділігін, еркін рухани дамуын, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына қызығушылығын ояту, сондай-ақ  мәдени, ғылыми және білім алу саласындағы қызметпен айналысу құқықтарын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып;

-  қоғамдық игілікке айналған ақпаратты ретке келтіру, сандық түрге көшіру және сақтау арқылы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге ұмтыла отырып;
- жергілікті, ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлердегі ақпарат пен білім саласындағы желілік қарым-қатынасты реттеуге күш-жігер жұмсай отырып;

мына төмендегілер жайында келісті:

1-бап

   Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасы, Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Алтай Республикасы-ның ұлттық мәдениет орталығы (Қосағаш, РФ), Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан  әмбебап ғылыми кітапханасы, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы

   «Ресей мемлекеттік кітапханасы» ФММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» ММ арасындағы Ресей-Қазақстан жобасын жүзеге асыру жөніндегі ыңтымақтастық туралы 2004 жылы 20 қаңтарда қабылданған Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қосылады және одан туындайтын міндеттерді толық көлемде өзіне алады.

 2-бап

Осы хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

З-бап

   Тараптар Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасы, Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Алтай Республикасының ұлттық мәдениет орталығы (Қосағаш, РФ), Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс- Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханасымен, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасымен қосылуына  байланысты Келісімге қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, олардың әрқайсысы жеке Хаттамамен рәсімделеді.

4-бап

Осы Хаттаманың депозитариі «Қазақстан Республикасының ¥лттық кітап-ханасы» ММ болып табылады.

5-бап

Осы Хаттама Келісім жұмыс істеген кезеңде қолданылады.

Хаттама Алматы қаласында 2006 жылы 22 желтоқсанда бір дана түпнұсқада орыс тілінде жасалды.

   Осы Хаттаманың түпнұсқасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап-ханасы» ММ сақталады, кітапхана тараптардың әрқайсысына расталған көшірмесін жібереді.

Н.К. Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасы үшін (қолы) Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

Алтай Республикасының ұлттық мәдениет орталығы (Қосағаш, РФ)

үшін (қолы)

Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы үшін (қолы)

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін (қолы)

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы үшін (қолы)