+7 (727) 267-28-83

«XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық серіктестігі» Ресей- Қазақстан семинар-кеңесі

(6-7 желтоқсан, 2002 жыл, Петропавл қаласы)

Ақпараттық анықтама 

   XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың элек-трондық  ынтымақтастығы» тақырыбында халықаралық семинар 2002 жылы  6-7 желтоқсан күндері Петропавл қаласында өтті.

Семинардың мақсаты – Ресей мен Қазақстан арасында бірлескен электрондық кітапхана ашу.

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Е.Есімханов қатысушыларды құттықтады. Ол өз сөзінде әкімшілік пен мәдениетті басқару мекемелерінің Ресей мен Қазақстан арасындағы   аталмыш жобаға қолдау көрсетуге, кітапхана қорларының интеграциясына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін ерекше атап өтті.

    Бердіғалиева Р.А. (ҚР Ұлттық кітапханасы) «Ресей-Қазақстан – XXI ғасыр: ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Ресей және Қазақстан арасындағы мәдени-рухани интеграцияның келешегі жалпы геоэтникалық, тарихи, демографиялық  алғы шарттармен алдын-ала қамтамасыз етілгенін атап өтті. Бұл кітапханалардың Еуразиялық  бірыңғай кеңістіктегі мәдениет алмасу аясында өз қызметтерін жүзеге асыруға жол ашады. Ресей–Қазақстан кітапханалары интеграциясының негізгі ойы Қазақстан Республикасы Президентінің еуразиялық бастамасына негізделеді. Олар «Халықпен кезде-суде 10 қарапайым қадам» сияқты Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы құжатта көрсетілген. ТМД елдеріндегі кітапханалар кеңісті-гінде өзін-өзі қамтамасыз ететін институт – Еуразия Кітапханаларының Ассамблеясы. Бірлескен сандық кітапхана жалпы кітапхана кеңістігіндегі инновациялық дамудың катализаторына айналады, демократиялық және гуманитарлық үрдістердің негізінде құрылып, мәдениеттердің толерантты орталығын қалыптастыруға ықпал етеді, екі мемлекеттің халқына ортақ, әмбебап, мәдени және тарихи ақпараттарды шапшаң, әрі жүйелі түрде жалпы қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

   Облыстық мәдениет департаменті мен облыс әкімшілігінің оң көзқара-сын ескере отырып, Р.А.Бердіғалиева С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына  Қазақстан тарапынан Ресей–Қазақстан ортақ қорларын жасақтаушы тұңғыш сандық кітапхана болуын ұсынды.

   Халықаралық байланыс орталығының жетекшісі С.А. Казанцев «XXI ғасырдағы еуразиялық. Ресей–Қазақстан: ортақ ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы» мемлекетаралық жобасы аясында «Шекарадағы кездесулер» Ресей-Қазақстан электрондық кітапханасы тұжырымдамасын тарихи негіз-деу жайында баяндады.

   Еуразия экономикалық қауымдастығының интеграциялық ко-митетінің хатшылығықауымдастыққа мүше мемлекеттердің кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімнің жобасын дайындады. Аталмыш құжат ЕурАЗЭҚ-на мүше мемлекеттердің кітапханалары, кітапха-на ісін басқарушы тиісті органдар арасындағы өзара тиімді ыңтымақтастықты қолдауға, ынталандыруға және жетілдіруге бағытталған. Келісімнің 5-бабына сәйкес ЕурАЗЭҚ-на мүше мемлекеттердің корпоративті технологияларды, кітапханалық-ақпараттық компьютерлік желілерді құру және дамыту жөніндегі ынтымақтастығы көзделген. Осыған орай Ресей-Қазақстан электрондық кітапханасын құру аса маңызды болып табылады.

Семинардың негізгі тақырыбы – өлкетану мәселесі. Семинарда айтыл-ған негізгі идея кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық өлкетанулық  қорлар бірден-бір ерекше және мәдениет алмасу негізін құраушы ақпараттық өнім екендігіне келіп тірелді.

   Қазақстан тарапынан Жоба менеджері Р.А. Бердіғалиеваның ұсынысымен Жобаның негізгі жұмыс құжаттарын дайындаушы топ құрылды. Оның құрамына РМК өкілдері Казанцев С.А., Рожков Н.Л., Шварцман М.Е.,       ҚР ҰК-сы тарапынан Тасыбаева С.А., Исмаилов Е.И., Сапарғалиев Е.Б., Солтүстік Қазақстан ОӘҒК-ның инженер-бағдарлама-шысы  Кисинов Ю.П. кірді.

Құжаттар семинар- кеңеске қатысушылардың талқылауына ұсынылды:

•  «XXI ғасырдағы Еуразиялық» мемлекетаралық жоба тұжырымдамасы. Ресей–Қазақстан: ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру;

•  «XXI ғасырдағы Еуразиялық» мемлекетаралық Ресей–Қазақстан жобасын жүзеге асыру шараларының жоспары.

• «XXI ғасырдағы Еуразиялық» Ресей–Қазақстан: ортақ ақпараттық  кеңістік қалыптастырудың мемлекетаралық жобасын техникалық-экономикалық негіздеу;

• Ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру аясындағы ынтымақтастық туралы келісім (келісімге қатысушылар – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі):  Жоба

Семинар-кеңеске қатысушылар жоғарыда көрсетілген құжаттарды бекіткен Қарар қабылдады. Сонымен қатар, қарарда Қазақстан тарапынан С.Мұқанов атындағы Солтүстік  Қазақстан ОӘҒК-на қолданыста бар ақпараттық ресурстарды интеграциялайтын технологияларды  пайдалану және  жаңа электрондық дерек қорлар құру эскпериментін бірінші болып бастау, семинар-кеңес барысында құрастырушы топ құрастырған және семинар кеңеске қатысушылардың бір ауыздан қабылдаған құжаттарын тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру құқы берілді.