+7 (727) 267-28-83

Ресей –Қазақстан:  «Шекарадағы кездесулер» жобасы туралы

   Ресей және Қазақстан Еуразия аумағындағы ең ірі мемлекеттер болып табылады. Екі мемлекет тұрғындарының полиэтникалық құрамда. Өзара мәдени диалогтарды және шекаралас мемлекеттердің халықаралық қатынастарын, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның көптілділікті  қолдану және дамыту, сандық мұралардың жалпы ақпараттық кеңістіктегі қолжетімділігін қамтамасыз ету  және сақтау саясатын жүзеге асырудың маңыздылығын ескеру қажеттілігі басым.

   «Шекарадағы кездесулер» жобасы  «Ресей мәдениеті» федералдық мақсатты бағдарламасына кіреді.  ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасы аясында Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы Мәдениет  министрліктерінің қаржылық қолдау көрсетуімен жүзеге асырылады.

   2001 жылы ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Ресейлік комитеті, Ресей мемлекеттік кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп электрондық кітапхана құру мақсаты көзделген  Ресей –Қазақстан:  «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асыруды бастады.

  Бұл шара бастапқы кезде Ресей–Қазақстан электрондық кітапханаларын  құру жобасы ретінде жоспарланған болатын. 2002 жылғы 12 сәуірде ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасы Ресейлік комитетінің отырысында Ресей мемлекеттік кітапханасының Халықаралық басқармасының меңгерушісі және Ресей тарапынан аталған жобаны үйлестіруші С.А. Казанцевің «Ресей–Қазақстандық электрондық кітапхана  құру жобасы туралы» тақырыбындағы баяндамасын талқылау барысында шекаралас мемлекеттердің халықаралық қатынасын нығайту, с.с. ЮНЕСКО-ның көптілділікті дамыту және қолдану, сандық мұралардың киберкеңістіктегі қолжетімділігін және сақталымын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыру барысындағы  Ресей–Қазақстан  электрондық кітапханасын құру жобасы ерекше маңызды мәнге  және өзектілікке ие.

   ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Ресейлік комитеті ТМД -ға қатысушы басқа да мемлекеттермен  осы типтес жобаларды дамыту орынды деген тұжырым жасады.

   Қатысушылар ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Ресейлік комитетіне және Ресей мемлекеттік кітапханасына  «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Парламентаралық ассамблеясына  «Шекарадағы кездесулер» жобасы туралы хабарлама беру жайында ұсыныс жасау   шешімін қабылдады.

  2002 жылы «XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық  ынтымақтастығы» тақырыбында халықаралық семинар Петропавл қаласында өтті.

  Семинарда электрондық кітапхана қалыптастыру үшін өлкетанулық материалдар мен құжаттарды бірыңғай электрондық форматта ұсыну мәселесін талқылап, негізгі басымдықтар, жобаны жүзеге асыру кезеңдері, соның ішінде жоба сайтын жасау, кезекті шаралар туралы  ой бөлісті.

   Семинар аясында  «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асыру үшін  ҚР Солтүстік Қазақстан облысы және РФ Омбы облысы әкімшіліктерін енгізу туралы ұсыныстар жасалды. Олардың өкілдері  С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және  Омбы облыстық әмбебап кітапханалары болып табылады және олар 2 мемлекеттің субъектісі деңгейінде  пилоттық электрондық кітапхана қалыптастыруға   қатысады.

   «XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық  ынтымақтастығы» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысушылар   шараға  егажоба статусын беруге ұсыныс жасады.

   Екі мемлекеттің Мәдениет министрліктері ЮНЕСКО–ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының қатысуымен «Шекарадағы кездесулер» мегажобасын  жүзеге асыру туралы екіжақты келісімге  қол қойды.