+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 16 мамыр, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ауған соғысының ардагерлері, «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - нің профессоры Сайлан Болат Санабайұлымен, «Құрмет» орденінің иегері Әділ Бектасұлы Әбдіхалыков және «Айбын» орденінің иегері Дәркенбаев Байдаулет  Құрманқожаұлының  қатысуымен «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

JIJU5014

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты.Кездесуде профессор Болат Сайлан ардагерлердің біздің бейбіт өмірімізге қосқан үлесі туралы әңгімелеп, "Біз болған соғыс" атты кітаптың негізінде слайд-шоу  ұсынды, сондай-ақ: «Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 жж.), «Ауған соғысының ақиқаты», «Біз болған соғыс» атты шығармаларын  кітапханаға  сыйға тартты.

Бұрыңғы кеңес республикаларының азаматтары 9 жыл 51 күн бойы халықаралық борышын өтеген Ауғаныстаннан кеткелі 30 жыл өтті. Бұл соғыс көптеген отандастарымызға, олардың отбастарына, жақындарына, достарына және жолдастарына өз әсерін тигізді. Қазақстандық жауынгерлер батыл  шайқасты,  батырлықты  көрсетті, нағыз кәсіби мамандар ретінде әрекет етті.

Бұл іс-шара ҚР Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының аясында ҚР Ұлттық кітапханасы диссертация бөлімінің ұйымдастыруымен  өтті.

Кітапханатану залында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Болат Санабайұлы Сайланның шығармаларынан  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

BZFT6342   IMG E7469   IMG E7470

 

     
                                 

Сайтта

Қазір сайтта 65 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.