+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 13-16 мамырында Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У. Сыдықжанова мен Ұлттық әдебиеттерді өңдеу тобының жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Цифрлық дәуір талабы – заманауи кітапхана» тақырыбындағы кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинарында 2 күндік оқу-үйрету дәріс-сабақтарын өткізді.

IMG 20190517 WA0006

ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының модульдарын, Құжаттарды ғылыми өңдеу және оның ерекшеліктерін (монография, көп томдық, нота, грампластинка, электрондық ресурстар, картографиялық/бейне басылымдар және т.б.),

Отандық және шет тіліндегі мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау,  Шет тіліндегі дерекқор және мерзімді басылымдардағы латын әліпбиінде берілген ақпаратты библиографиялау,  Библиографиялық құралдар құрастыру,  Халықаралық әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) жүйесін қолдану, Ұлттық авторитеттік/нормативтік файлдар құру, Қазақстанның корпоративтік каталогтау орталығында (КЦКК) жұмыс жасау үдерістерімен таныстырып, кітапхана қорын толықтыру және есепке алу бойынша және т.б. әдістемелік кеңестер берді. Дәріс барысында Қызылорда облысының кітапханашы мамандарын Ұлттық кітапхана жанындағы Каталогизатор мектебінде кәсіби біліктіліктерін көтеруге оқуға шақырды.

IMG 20190517 WA0007     1
3      7

 

Сайтта

Қазір сайтта 353 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.