+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 18 сәуір, сағ. 15.00-де Е.Тұрсынов киноклубында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  Қазақ  ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  «Кітапхана ісі» мамандығы студенттерімен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» атты әдеби-тарихи кеш өтті.

фото 7

Кештің мақсаты – өткенге шолу жасап, тарихи кезеңдерде өмір сүрген тұлғалардың болмысын көрсету, олардың есімін кейінгі ұрпаққа аманат ету. Сол арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары, студенттері, сондай-ақ Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері және оқырмандар қатысты.

Кеш барысында студенттер тарихи оқиғалар желісімен «Қазақ хандығы», «Алаш», «Желтоқсан» оқиғалары жайлы терең мағыналы қойылымдар көрсетіп, қатысушыларды үлкен әсерге бөледі. 

Іс-шара соңында әдеби-тарихи кешке қатысуда белсенділік танытып, алғырлықтары мен білімдерін көрсеткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне, «Кітапханатану және библиография» кафедрасының меңгерушісі Г.И.Нұржановаға және оқытушы А.К.Байдароваға ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиева алғыс хаттар пен сыйлықтар табыс етті.

58003851 2093790370718409 6460802716485550080 o   фото 6
фото 4   фото 3

 

Сайтта

Қазір сайтта 156 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.