+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 27-30 мамырында Ақпараттық ресурстар қызметі Шетел әдебиеттерін өңдеу тобының жетекшісі А.К. Несипбаева мен Жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы К.Д. Авелбекова Талдыкорған қаласы С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  ұйымдастырған «Заманауи кітапханадағы басты бағыт-цифрландыру және халықаралық әмбебап ондық жіктеу жүйесінің дамуы» тақырыбындағы кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингінде 3 күндік оқу-үйрету дәріс-сабақтарын өткізді.

0303

ҚР Ұлттық кітапхана мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының «Кітап қорын толықтыру»,  «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап берілімі», «Оқырмандарды тіркеу» модульдарымен таныстыру,

құжаттарды ғылыми өңдеу және оның ерекшеліктерін, отандық және шет тіліндегі мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау, библиографиялық құралдар құрастыру, Халықаралақ әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) жүйесін қолдану, Ұлттық авторитеттік/нормативтік файлдар құру, Қазақстанның корпоративтік каталогтау орталығында (КЦКК) жұмыс жасау үдерістерімен таныстырып, кітапхана қорын толықтыру және есепке алу бойынша және т.б. әдістемелік кеңестер берді.  

Ұйымдарстырушылар тарапынан М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану және  І. Жансүгіров әдеби мұражайларына экскурсия өткізілді.

Дәріс барысында Алматы облысының кітапханашы мамандарын Ұлттық кітапхана жанындағы Каталогизатор мектебіне кәсіби біліктіліктерін көтеруге шақырды. 

20190531 202448   20190531 201648
20190531 202505   20190530 103430