+7 (727) 267-28-83

2019 жылдың 27-28 мамыр күндері ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева мен Ақпараттық ресурстар қызметінің Ұлттық әдебиеттерді ғылыми өңдеу тобының жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Цифрлық дәуір: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету және кітапханалардағы жаңа мүмкіндіктер» атты 2 күндік семинар-тренинг өткізді.

IMG 20190603 WA0007

ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының модульдарын, Құжаттарды ғылыми өңдеу және оның ерекшеліктерін (монография, көп томдық, нота, грампластинка, электрондық ресурстар, картографиялық/бейне басылымдар және т.б.);

отандық және шет тіліндегі мерзімді басылымдардан, монографиялардан және конференция жинақтарынан ақпарат іріктеу және библиографиялау;   латын графикасымен қазақ тіліндегі ақпаратты библиографиялау; библиографиялық құралдар құрастыру,  Халықаралық әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) жүйесін қолдану. Ұлттық авторитеттік/нормативтік файлдар құру, Қазақстанның корпоративтік каталогтау орталығында (ҚККО) жұмыс жасау үдерістерімен таныстырып, кітапхана қорын толықтыру және есепке алу бойынша және т.б. әдістемелік кеңестер берді. «Каталогизатор» модулына ҚР Ұлттық кітапханасында қолданылатын қазақ және орыс тілдеріндегі ӘОЖ классификатор қойылды. Дәріс барысында Ақтөбе облысының кітапханашы мамандарын Ұлттық кітапхана базасындағы Каталогизатор мектебінде кәсіби біліктіліктерін көтеруге оқуға шақырды.

Каталогтау, индекстеу және «Web-RABIS» бағдарламасы негізінде оқудан өткені туралы кітапханашы мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасының  сертификаты табысталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанованың атынан Мәдениет және өнер қайраткерлері күніне орай Ақтөбе облысының кітапханашы мамандары «Кітапхана үздігі», «Кітапхана ардагері» медальдарымен, сонымен қатар Мақтау қағаздары, Алғыс хаттарымен марапатталды.


IMG 20190603 WA0003   IMG 20190603 WA0015
IMG 20190603 WA0010   IMG 20190603 WA0009

 

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 143 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.