+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 17 сәуір,  сағ. 15.00-де  Е. Тұрсынов залында «Наурыз – Холи мейрамы 2019» атты көктем мерекесі өтті. Іс-шара «Алматы-Қазақстан» Үнді классикалық би орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

DSC 0176

Қазақ және үнді халықтары үшін Наурыз және Холи мерекелері көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады. Бұл – бірлік мерекесі. Жер бетінде ғасырлар тоғысқан, барлық тіршілік атаулы оянған кезде, жаңа жыл болып саналған жаңа есептің басы.

Мерекеде Ұлттық кітапхананың орынбасары А.Юсупова, Үндістанның Алматыдағы Өкілдігінің консулы Мартин Сириас Клеменс мырза сөз сөйледі.

Музыкалық-әдеби іс-шарада ұлттық және заманауи қазақ әндері мен күйлері, қазақ және үнді халықтарының ұлттық билері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қазақ және хинди тілдеріндегі ақындық қойылымдарымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарованың жетекшілігімен «Алматы-Қазақстан» Үнді классикалық би орталығы қатысушыларының өнерлері ұсынылды.

Іс-шараға «Тенгри банк» өкілі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті мен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері,  БАҚ өкілдері, Алматы қаласының кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

DSC 0064   DSC 0085
DSC 0251   DSC 0192
DSC 0060   DSC 0049
DSC 0100   DSC 0198

 

Сайтта

Қазір сайтта 137 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.