+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 30 мамыр, сағ. 11:00-де  Әлем әдебиеті оқу залында "Парсы поэзиясының лирикасы" атты поэзиялық кеш өтті.

IMG20190530110738

Іс-шараны Ұлттық кітапхана директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты.  М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, тіл ғылымының докторы А.Т. Хамраев «История развития персидской поэзии» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол парсы поэзиясының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін атап өтіп, парсы ақындарының: Фирдоуси, Саади, Хафиз Ширази, Руми және Омар Хайям шығармашылығын таныстырды.

         Кітап көрмесіне Г.К. Бақдәулетова шолу жасап, кітапхананың жас мамандары парсы ақындарының шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде оқыды. Поэзиялық кешке Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.

DSC 0032   DSC 0035

 

Сайтта

Қазір сайтта 113 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.