+7 (727) 267-28-83

шш 6 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Қаһарман ұлт» жобасы аясында «Желтоқсан ‒ ұлт тарихының жұлдызды айы» атты жылдың қорытынды конференциясын өткізді.

Толығырақ...  

роза

5 желтоқсанда ҚР  Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық академиялық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі, күйші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Самиғұлла Андарбаевтың (1906–1983 жж.) шығармашылығына арналған «Сан қырлы саңлақ күйші» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Толығырақ...  

алтаев

05 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, көрнекті фарабитанушы, академик Жақыпбек Алтайұлы Алтаев: "Ғылым тарихы мен философиясы", "Философия тарихы", "Ислам философиясы", "Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы", "Қазақ философиясы", "Казахская философия", "Kazakh philosophy", "Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс және қазіргі заман", "Al Farabi" сынды өзінің авторлығымен жарық көрген еңбектері мен ғалымның шығармашылығына арналған "Ұстаз мұрасының ұлағаты" атты кітабын сыйға тартты.

Толығырақ...  

405363935 726670462828373 7891667092240496072 n

4 желтоқсанда ҚР Ұлттық ұланы, Кеңес Одағының батыры, гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өткен мерекелік іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың батыр ұлы - Бауыржан Момышұлы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Толығырақ...  

рухқазына

1 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің қорытынды кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

Толығырақ...  

кітапханалар

1 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлының қатысуымен өскелең ұрпақты оқу мен әдебиетке тарту және сауатты қазақстандық қоғамды қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Толығырақ...  

однажды в новый год28 қарашада қазақстандық 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы аясында № 46 гимназияда ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі авторлардың «Однажды в Новый год» атты ертегілер жинағының тұсаукесерін өткізді.

Толығырақ...  

аидам

29 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің аясында кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының төрайымы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы  қатысушыларға  арнайы шеберлік сыныбын өткізді. 

Толығырақ...