+7 (727) 267-28-83

812019 жылғы 19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстанның құрметті журналисі, «Еңбек ардагері» медалінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Итен Қарымсақұлының «Жақсының жарығы» атты кітабының және Ұлттық кітапханадан арнайы шығарылған библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

2019 жылғы 18 сәуір, сағ. 15.00-де Е.Тұрсынов киноклубында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  Қазақ  ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  «Кітапхана ісі» мамандығы студенттерімен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» атты әдеби-тарихи кеш өтті.

фото 7

Кештің мақсаты – өткенге шолу жасап, тарихи кезеңдерде өмір сүрген тұлғалардың болмысын көрсету, олардың есімін кейінгі ұрпаққа аманат ету. Сол арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары, студенттері, сондай-ақ Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері және оқырмандар қатысты.

Толығырақ...  

2019 жылы 17 сәуір, сағат 11-де Н. Дәулетова атындағы көрме залында қазақ хандығын нығайтудағы және халық бірлігін нығайтуда ерекше рөл атқарған рухани көшбасшылар - жырауларға арналған  «Қазақ жыраулары» атты  әдеби кеш өтті.

44

Жырау (жыр-ән, өлең) – қазақ поэзиясының халық ақыны мен әншісі тек қана орындаушы ғана емес, сонымен қатар шығармаларының авторы.

Толығырақ...  

2019 жылғы 17 сәуір,  сағ. 15.00-де  Е. Тұрсынов залында «Наурыз – Холи мейрамы 2019» атты көктем мерекесі өтті. Іс-шара «Алматы-Қазақстан» Үнді классикалық би орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

DSC 0176

Қазақ және үнді халықтары үшін Наурыз және Холи мерекелері көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады. Бұл – бірлік мерекесі. Жер бетінде ғасырлар тоғысқан, барлық тіршілік атаулы оянған кезде, жаңа жыл болып саналған жаңа есептің басы.

Толығырақ...  

2019 жылғы 16 сәуірде Қытайдың мәдениет және әдебиет залында "Дәстүрлі қытай медицинасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

kitai

Дәстүрлі қытай медицинасы бүкіл әлемде кеңінен танылды, өйткені оның мыңдаған жылдар бойы аурудың пайда болуы, оның дамуы және осы теорияға негізделген жеке емдеу тәсілдері бар.

Толығырақ...  

004

2019 жылғы 16 сәуірінде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, журналист, ғалым Темірғали Көпбаевтің  «Даналық тәпсірі», «Аққүмда оянған арман», «Жылдар жылжып барады» атты үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті. 

Толығырақ...  

«Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан қазақстандық жазушы, әдебиеттанушы және сыншы Владислав Васильевич Владимировтың 80 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Ө.Сұлтанғазин атындағы ғылыми кызметкерлерге арналған оқу залында кеңестік ғалым-геолог, металлогения ғылымдарының және металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСРО академигі, Қазақ ССР Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Satpaev

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде Семей облысының Павлодар  уезі (қазіргі Баянауыл ауданы Павлодар облысы) № 4 ауылында дүниеге келген. 1909 жылдан бастап 1911 жылға дейін ауылдық мектепте оқыды, 1914 жылы  Павлодар қаласының орыс-қазақ училищесін үздік бітіріп, 1918 жылы Семей қаласындағы мұғалімдер семинарын бітірді.

Толығырақ...