- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан кітаптары» оқу залында ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Қалдыбай Мамытбектің 80 жасқа толуына орай «Бауыржан әлемінің үмбеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 6 наурызда Қытайдың мәдениет және әдебиет залында «Пекин операсы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Пекин операсы - Қытайдағы және әлемдегі дәстүрлі қытай операсының ең танымал түрлерінің бірі. XVIII ғасырдың соңында пайда болып, XIX ғасырдың ортасында толыққанды қалыптасты. Ол Қытайдағы ең ірі опера жанры болып табылады және репертуарлар, актерлер, труппалар мен көрермендер саны бойынша бірінші орын алады.
- Подробности
- Автор: Алдибекова Айгерим
2019 жылғы 6 наурызда Әлем әдебиеті залында орыс прозашысы, журналист, ақын және сценарист, қоғам қайраткері Искандер Фазиль Абдулович 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ол 1929 жылы 6 наурызда Сухуми қаласында дүниеге келген. Абхазиядағы орыс мектебін алтын медальмен бітірді. Мәскеу кітапхана институтына, қазір Мәскеу Мәдениет және өнер университетіне (МГУКИ) түсті.
- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған «Егемен Қазақстан: ғасырдан, ғасырға» атты тұрақты көрмесі ұйымдастырылды.
«Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті еліміздегі ең көне және ең танымал басылымдардың бірі. Газеттің бірінші нөмірі 1919 жылы Орынбор қаласында «Ұшқын» («Искра») атауымен жарық көрді.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 28 ақпанда Қытайдың мәдениет және әдебиет залында "Терракотовая армия Китая" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Терракот әскері - Сиандағы Цинь Шихуанди императоры мавзолейіндегі Қытай жауынгерлерінің және олардың аттарының 8100 толық өлшемді терракотты мүсіндерінің жерлеу атауы.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Беларусь в творчестве и судьбе» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел аясында Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде «Халықтар достығы - ел бірлігінің кепілі» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан кітап көрмесіне Беларусь халқының тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен өнерін насихаттайтын 60-тан астам басылым, қазақ жазушысы Любовь Шашкованың, беларустық жазушы Василь Быковтың шығармалары, танымал Беларусь журналисі, тарихшы, әдебиеттанушы Александр Николаевич Карлюкевичтің журнал беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Алдибекова Айгерим
2019 жылғы 27 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру және Мәлік Ғабдуллиннің этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында батырдың әдеби-ғылыми еңбектерінің 11 томдығы мен "Мәлік Ғабдуллин – Қазақтың Оқжетпесі" атты естеліктерден тұратын альбом кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: Алдибекова Айгерим
2019 жылғы 22 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті ақын, драматург, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевты еске алу кеші өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашты.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.