+7 (727) 267-28-83

09.10.2019 - 10.10.2019

Название:
2019 жылғы 10 қазан, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында кітапхананың жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық клубының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді
Дата:
09.10.2019 - 10.10.2019
Расположение:

Описание

Баспасөз хабарламасы

 

2019 жылғы 10 қазан, сағ. 11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында кітапхананың жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық клубының салтанатты түрде ашылу рәсімі және клуб төрағасы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұратқан Шоқанмен кездесу өтеді.

«Жас қалам» жастар шығармашылық клубының басты мақсаты – Алматы қаласындағы лицей, гимназия, орта мектеп оқушыларының арасынан шығармашылыққа (өлең, әңгіме, эссе және басқа да әдеби шығармалар жазуға) бейім жастардың басын біріктіре отырып белгілі ақын-жазушылармен кездесулер, әдеби-сазды кештер өткізу арқылы шығармашылық орта қалыптастыру. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен мемлекеттік басылымдарда, газет-журналдарда жас қаламгерлердің туындыларын жариялауға ықпал ету.

Сонымен қатар, шара аясында Алматы қаласындағы жас суретшілер көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтеді.

Бұл көрменің басты мақсаты Алматы қаласындағы дарынды суретшілердің  туындыларын қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарының назарына ұсыну.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, клуб мүшелері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысады.

Сайтта

Қазір сайтта 72 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.