+7 (727) 267-28-83

14.10.2021 - 15.10.2021

Название:
 15 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жас тұлпар»  ұйымының құрылу тарихына арналған «ЖАС ТҰЛПАР» атты кітап және сурет көрмелерінің ашылуы өтеді.
Дата:
14.10.2021 - 15.10.2021
Расположение:

Описание

Баспасөз- хабарламасы

 

 15 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жас тұлпар»  ұйымының құрылу тарихына арналған «ЖАС ТҰЛПАР» атты кітап және сурет көрмелерінің ашылуы өтеді.

 «Жас тұлпар» қозғалысы елінің ертеңіне алаңдаған 1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдасуымен өмірге келген заңды құбылыс. Орны толмастай болып үңірейіп қалған тарихи олқылықты толықтыруға ұмтылып, ұлттық идея көрінісін Алаш идеясынан іздеген жастұлпарлықтар қазақтың жаңа өмір сүру философиясын қалыптастырушы күшке айналды. Қазақта көзі ашық, көкірегі ояу жастардың әлі де бар екенін, рухы өшпейтінін және өзіміздің ел екенімізді, өз тегіне үңілетін тамыры бар тұтас ұлт екендігімізді дәлелдей алды. Алаш зиялылары мен жастұлпарлықтардың ортақ бір қасиеті - Ұлы рухтан шыққан жүректерінің түпкіріндегі армандары қазақ ұлтының бақытты болашағына сенімі.

Қазіргі таңда ұйым мүшелері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиктер, жазушылар, суретшілер, архитекторлар және т.б. тұлғалар еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

Бүгінде «Жас тұлпар» ұйымының жалғастырушылары болып табылатын Ресейдегі қазақстандық студенттер білім алуда.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан материалдар және «Жас тұлпар» ұйымының архивтік суреттері ұсынылады.

Қатысушылар: «Жас тұлпар» ұйымының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.

IMG 20211013 WA0024 1